» » Жүргізуші куәлігін өзімен бірге алып жүру міндетті ме?

Жүргізуші куәлігін өзімен бірге алып жүру міндетті ме?

Жаңадан енгізілген түзетулер бойынша құжатсыз көлік басқарғаны үшін жүргізушіге ендігәрі айыппұл салмай, тек ескертумен шектелуге болады. Осы Кодекстің 43 бабының 2 тармағына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар болмаған жағдайда инспектор жазбаша ескерту жазып береді.  Дегенмен түзетулер айыппұл салуға тимеді. ҚР ӘКҚК сәйкес полиция жүргізушіге куәлігі не техникалық төлқұжаты болмаған жағдайда айыппұл салып, көлігін айып тұрағына орналастыруға құқылы. Өзгертулер мен түзетулерге қарамастан елімізде жүргізуші куәлігі мен көлікті тіркеу құжатын өзімен бірге алып жүруге міндетті. Қазіргі таңда жүргізушілер өзімен бірге техникалық тексеріс талонын және сақтандыру туралы құжатты алып жүрмеуге мүмкіндік бар. Естеріңізде болса, 2019 жылдың қараша айында жүргізуші куәлігі мен көлік құралын тіркеу туралы куәліктің жаңа нұсқасы бекітілді. Қабылданған құжаттарға сәйкес жүргізуші куәлігі елеулі өзгеріске ұшырады. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 2 қарашадағы № 953 бұйрығы бойынша 2014 жылы шығарылған "Жүргізуші куәлігі және көлік құралын тіркеу туралы куәлік бланкілерінің нысандары мен үлгілерін бекіту туралы" бұйрығына өзгерістер енгізілді. Жаңа жүргізуші куәлігінде чип құжаттың артқы жағында орналасады. Сондай-ақ чипке көлік иесі мен жүргізуші куәлігі иесінің саусақ іздері енгізіледі. Бұдан бөлек көліктің техникалық төлқұжатында біраз өзгерістер болды. Құжаттың сыртқы дизайны ауысып, артына көліктің иесі туралы мәліметтер сақталған чип орнатылады. 
Жүргізуші куәлігін өзімен бірге алып жүру міндетті ме?
Толығырақ: https://massaget.kz/layfstayl/tehno/auto/60553
26 қаңтар 2020 ж. 399 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 763

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930