Президент шетелден келген көліктерді тіркеуге 1 жыл уақыт берді
"Бүгінде Қазақстанда уақытында тіркеуден өтпеген, Еуразиялық Экономикалық Одақ елдерінен келген көліктер мәселесі бар. Мәселен, Ресей мен Қырғызстанда қазақстандықтар көлікті сенімхат бойынша алады, яғни, іс жүзінде олар көліктің иесі. Олар көлікті Қазақстанда тіркеусіз пайдаланып жүр. Ал Арменияда қазақстандықтар Қазақстан заңнамасын бұзып техникалық құжат рәсімдеп жатыр. Көбі елге келген көлікті тіркеуден өткізбейді. Бас прокуратураға осы мәселені шешуге тапсырма беремін. Мәселені шешу үшін Үкімет бір ай ішінде бір реттік тәртіппен 2020 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша Қазақстан азаматтарының ЕЭО-дан жеке пайдалану үшін әкелінген автокөліктерді уақытша тіркеуді қамтамасыз етуі керек 2021 жылдың 1 наурызында дейін тіркеу жалғаса береді. Мұндай көліктер техникалық регламенттің талаптарына сай болуы қажет. Көлік иелері кеден салығы мен утилизациялықты алымды төлеп, тұрақты тіркеуге қою керек не көліктерін елден шығарып заңға қайшы келмейтін басқа да әрекеттерді жасаулары қажет", - деп мәлімдеді Президент. Бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласында өткен брифингте көліктердің біздің елге Армения Республикасының одаққа қосылуы туралы 2014 жылдың 29 мамырындағы келісімшартты бұза отырып кіргізілгенін мәлімдеген болатын. "Шарттар және ережелер" деп аталатын № 3 қосымшада Арменияға жеңілдік кезеңінде жеке қолданыс үшін кіргізілген автокөліктердің статусы туралы жазылған. Құжаттың 35-тармағында Армения аумағында тіркелген мұндай машиналарды ЕЭО мүшесі болып табылатын өзге елдердің аумағына тек Армения Республикасың тұрақты азаматтары ғана уақытша кіргізе алады деп жазылған. Өзге тұлғалар тарапынан елге кіргізу, қолдану, сонымен қатар жеке меншіктен шығару, басқаның қолданысына беру тек кедендік мағлұмдау мен салықтар төленгеннен кейін ғана мүмкін болады. Заң бойынша қазақстандықтардың ондай автокөліктерге тіпті сенімхат рәсімдеуіне болмайды. Мұндай талаптар өтпелі кезеңде кедендік тазартудан өткен қырғызстандық көліктерге де қатысты. Арменияда тіркелген он мыңға жуық көліктің біздің елге қалай кіргізілгенін арнайы құрылған комиссия анықтайды. Келісімшарт бойынша міндеттерін орындамай, автокөліктерді қазақстандықтардың атына рәсімдеген Армения үкіметіне де қойылатын сұрақтар аз емес.
Толығырақ: https://massaget.kz/layfstayl/tehno/auto/60600
Толығырақ: https://massaget.kz/layfstayl/tehno/auto/60600