» » БІЗ БІРГЕМІЗ – БЕРІК ІРГЕМІЗ

БІЗ БІРГЕМІЗ – БЕРІК ІРГЕМІЗ

Еріктілер жылында елімізде жаңа жобалар ашылып, мемлекет және партия тарапынан көптеп қолдау көрсетілуде. Осы ретте «Nur Otan» партиясы Жалағаш аудандық филиалына қарасты «Аққұм ауылдық округі» БПҰ «Жастар Отанға» партиялық жобасы аясында «Біз біргеміз – берік іргеміз» атты «Еріктілер жылының» ашылу салтанаты өткен болатын.

Шараның мақсаты халықтың әлеуметтік қорғансыз бөлігіне, гуманитарлық қолдау көрсету барысында жастардың саяси-әлеуметтік мәдениетін және ерікті азаматтық белсенді ұстанымын қалыптастыру болып табылады. Жиынды «Nur Otan» партиясы Жалағаш аудандық филиалының кеңесшісі ашып, игі бастаманы аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Мұстафаеваның атынан құттықтап, сәттілік тіледі. Сонымен қатар «Аққұм ауылдық округі» БПҰ төрағасы Г.Айтжанова, А.Бисенов атындағы №38 орта мектеп директоры Г.Құлмаханова, «Шұғыла» бөбекжай меңгерушісі Г.Нұрпейсова ауыл жастарының бастамасына өз үлестерін қосатынын тілге тиек етті.
Еріктілер саны ауылдың 20 қызметкерінен жасақталып, 15-ке тарта мектеп оқушысымен толықты. Шара «Жастар және қоғам» атты ашық алаңымен жалғасып, 2020 жылға арналған жоспарлар таныстырылып, жастардың тың идеясы тыңдалды. Жиында қоғамдық өмірге белсене араласқан бірқатар жастар аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Мұстафаеваның алғыс хатымен марапатталды. Шара соңы «Дені сау жастар – Қазақстан болашағы» атты спорттық жарыспен қорытындыланды.
15 ақпан 2020 ж. 810 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930