ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІК КЕҢ ҚАНАТ ЖАЮЫ КЕРЕК
Бүгінгідей нарықтық заманда қай елдің болмасын дамуының негізгі тетігі – шағын және орта кәсіпкерлік. Оны дамыған елдердің тәжірибелерінен анық көре аламыз. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап Қазақстанның орта кәсіпкерлікті дамытуға басымдық бергені де сондықтан. Елбасы жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауында, стратегиялық бағдарламаларында, оның сыртындағы түрлі кеңес-жиындарда шағын және орта бизнесті өркендетуге жағдай жасауды ұдайы тапсырып, назарда ұстап отыратыны сөзіміздің айғағы болса керек.
Кәсіпкерлікті дамыту – қашаннан халықтың ахуалын жақсарту мақсатындағы негізгі бағыттардың бірі. Мемлекет басшысы 2019 жылғы Жолдауында алдағы уақытта бизнеске іркіліссіз қолдау көрсетілетіндігін және 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап микро және шағын бизнес субъектілерін тексеруге үш жылдық тыйым салынатынын атап өткен болатын. Енді Елбасы жариялаған мораторий күшіне енді. Елбасының бұл Жарлығы еліміздегі кәсіпкерліктің дамуына жаңа серпін беріп қана қоймай, экономикамыздың өсіп-өркендеуіне жаңаша жол ашады. Жарлықта «2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін шағын кәсіпкерлік субъектілерін, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерін тексерулерді және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуді тоқтатсын» делінген. Яғни, ел дамуының негізгі тірегі кәсіпкерлік саласының кең қанат жаюына мүмкіндік беру керектігін айтылған. Егер Жарлықта көрсетілгендей, халықтың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, заңдылық пен қоғамдық тәртіпке ықтимал түрде жаппай қатер, конституциялық құрылысқа және ұлттық қауіпсіздікке тура немесе тікелей қатер төндіретін бұзушылықтарды болдырмауға немесе жоюға бағытталған, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында өнім қауіпсіздігінің мониторингін жүзеге асыру үшін өнімді іріктеу және оған санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жасау мақсатындағы профилактикалық қадағалау, кедендік тексерулер, қарсы салықтық тексерулер, Қазақстан Республикасының заңнамасында, белгіленген талаптарды бұзу фактілерінің туындау себептерін анықтау үшін жүргізілетін тексерулерге шектеу қойылмайды.
Теңге тиыннан құралатынын кәсібін шағыннан бастап, кейін ауқымын кеңейтіп, игілігін көріп жүрген кәсіпкерлер жақсы біледі. Шағын ғана кәсібінің аясын қалай кеңейтемін деп жүргенде, қайта-қайта тексеріс жасау кәсіпкерді титықтатары анық қой. Бұл Жарлықтың маңызы зор. Кәсібін дөңгелетіп, өз нәпақасын өзі табатындай жағдайға жеткенше тексеру емес қолдау керектігі белгілі. Бұл мораторий шағын және орта кәсіпкерліктің даму деңгейін арттырары анық. Тек заңға сәйкес, ешқандай жүйесіздікке бармай жұмыс жасаса, ол кәсіпкерді ешкім негізсіз мазаламайды. Бірақ қамысты бос ұстасаң, қолыңды кесетінін естен шығармаған жөн сияқты. Кей бизнес өкілдерінде «Тексеру жұмыстары тоқтатылды, енді көлденеңнен табыс тапсам да ешкімнің шаруасы жоқ» деген ой қылаң беруі де мүмкін. Таяқтың екі ұшы бар секілді, бұл мораторийда осындай заңға қарама-қайшы әрекетке бару ықтималдығы жоғары кәсіпкерлерді тезге салуды көздейтін сияқты.
Қысқасы жұмысын адал атқаратын бизнес өкілдеріне ешкім ретсіз тексеріс жүргізе алмайды. Бар болғаны мемлекет ұсынған бағдарламалар аясында кәсібіңізді ашып немесе қолдауды нақты мақсатта пайдалана алсаңыз болғаны.
Біздің ауданда да мемлекет ұсынған мүмкіндіктерді пайдалана отырып, шағын және орта бизнесті қолға алғандар көп. Өндіріс орындары болмаса да, шағын және орта бизнестің даму деңгейі көңіл қуантарлықтай дәрежеде. Мәселен, өткен жылы 2398 кәсіпкерлік субъектісі тіркелсе, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 4,2 пайызға артқан. Ал жұмыс жасап тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 13 пайызға өсім алды. Жалпы аудан бойынша 2019 жылы мемлекеттік, үкіметтік және өңірлік бағдарламалар аясында шағын және орта кәсіпкерлікті бастау немесе дамыту бағытында 534 кәсіпкер 3 млрд 390 млн теңгеге қаржыландырылды. Мұнан бөлек жыл басынан бері 556,4 млн теңгені құрайтын 10 ірі жоба мемлекет тарапынан қаржылай қолдау тапты. Аталған кәсіпкерлер бүгінгі таңда 9173 адамды жұмыспен қамтып отыр, яғни он мыңға жуық жұмыссыз адам жеке кәсіпкерлердің, шаруа қожалықтарының аясында нәпақасын тауып жүр.
Нұржамила АЛМАСҚЫЗЫ