» » Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 31 жыл толды

Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 31 жыл толды

Ең алдымен жиылған қауым Жалағаш кентіндегі Тағзым аллеясына гүл шоқтарын қойып, ауған соғысында қаза тапқан азаматтарға құран бағыштап, өздеріне беймәлім жат ел үшін қан төгіп, қыршын болған ауғандық жауынгерлерді 1 минут үнсіздікпен еске алды.

Қаралы митингте аудан әкімінің орынбасары Жағыпар Тажмаханов, «Ауғанстан және аймақтық соғыс ардагерлер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мұрат Алдамбергенов сөз алып, ауған соғысының адамзатқа тигізген зардабы, соғыста қаза тапқан азаматтар туралы айтты.

Шара Мәдениет және өнерді дамыту орталығында ауған соғысы туралы түсірілген кинокөрсетіліммен жалғасты.

Айта кету керек, ауған соғысына Қызылорда облысы бойынша 800-ге жуық адам аттанса, Жалағаш ауданынан 34 адам қатысқан.
2018 жылы аудан орталығындағы «Тағзым» аллеясында Ауған соғысына, Семей, Чернобыль апаты зардаптарын жоюға қатысушылардың құрметіне арналған ескерткіш бой көтерген болатын.
27 ақпан 2020 ж. 701 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 436

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930