ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН АЙМАҚТЫҚ АШЫҚ БІРІНІШІЛІК ӨТУДЕ
Бүгін Мәдениет және өнерді дамыту орталығында Ауған соғысы ардагерлерінің бастамасымен қазақ күресінен 2006-2007 жылғы жасөспірімдер арасындағы аймақтық ашық біріншіліктің ашылуы өтті.
Ашық біріншілікті «Ауғанстан және аймақтық соғыс ардагерлерінің қоғамдық кеңесі» бірлестігінің төрағасы Мұрат Алдамбергенов ашып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
- Бүгін Ауған жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 30 жыл толуына орай қазақ күресінен аймақтық ашық біріншілік өткелі отыр. Жарысымыздың мақсаты – ауданда қазақ күресін дамыту, патриоттық сезімге тәрбиелеу, спортшылардың шеберлігін арттыру болып табылады. Ар мен намыс, күш пен білек сынасқан бұл дүбірлі сайыста қатысушыларға сәттілік тілеймін – деді М.Алдамбергенов.
Жарысқа кент және ауылдық округтерден 150-ден астам жуық жас спортшылар қатысуда.