» » ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ еткен күн

ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ еткен күн

№ 31 мектеп-гимназиясында Кеңес әс­кер­­лерінің Ауған жерінен шығарыл­ға­ны­на 30 жыл толу қарсаңында патриот­тық айлығының сал­танатты ашылу салта­на­ты өтті.
Оған ауған соғысының ардагерлері, жастар ресурстық орталығының мамандары мен мектеп оқушылары қатысты. Шарада сөз алған аудандық «Ауған соғысы ардагерлері» ұйымының төрағасы Мұрат Алдамбергенов сұрапыл жылдардан сыр шертіп, патриоттық бағытта әңгіме өрбітті.
– Ауған соғысындағы жауынгерлердің ер­лігі, қажыр-қайраты, олардың бір-біріне деген достық және бауырмалдық көмегі, от пен оқ­тың ортасындағы жанкешті тағдырлары бүгінгі жастарымызға үлгі-өнеге. Бүгінгі күні біздің елімізде жастардың жақсы білім алуына, әрі қарай дамуына барлық мүмкіндіктер жасалған. Сондықтан да, жастар мектеп қабырғасында жақ­сы білім алып, өз Отаныңа адал қызмет етуі тиіс, – деді ол.
Мұнан соң сөз алған «Жас Отан» ЖҚ аудандық бөлімшесінің басшысы Нарбота­ Серәлі, жауынгер-интернационалист Әмір Тә­женов: «Ауған жерінде соғысқан әрбір жау­ын­гер құрметке лайық. Ауғанстан жерінде аза­маттық борышын өтеген жерлестеріміздің, жат жерде опат болған бауырларымыздың ерлік жолын кейінгі жас ұрпаққа түсіндіру, жастарды патриоттыққа, Отанды сүюге, атамекен –туған жерімізді қорғауға баулу – әрбір азаматтың борышы» екенін айтып, қазір білектінің емес, білімдінің заманы екенін тағы бір еске салды.
Шара соңында мектеп оқушылары тақырып аясында сауалдар жолдап, өз пікірлерін біл­дірді.

Н.ЖАНҰЛЫ.
29 қаңтар 2019 ж. 906 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 697

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031