Қазақстанда 21 жасқа толмаған тұлғаларға темекі өнімдерін сатпау ұсынылды
Қазақстанда 21 жасқа толмаған тұлғаларға темекі сатпау туралы бастама көтерілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы мәжіліс депутаты Балайым Кесебаева мәлімдеді.
"Халықтың денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы" заң жобасында темекіні ашық түрде сатпау көрсетілген. Бұған қоса темекіні 18 жастан, алкоголь өнімдерін 21 жастан аспаған тұлғалар сатып ала алмайды. Темекіні сатып алатын азаматтардың жасын 21-ге дейін ұлғайтсақ қалай болады?" - деді Кесебаева.
Өзінің бұл сауалын депутат денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа арнады. Өз кезегінде министр оның бұл ұсынысын құптайтынын жеткізді.
"Шылым шегу денсаулыққа кері әсер ететіні жасырын емес. Егер ұсыныстар келіп түсіп жатса, біз бұл бастаманы көтеруге дайынбыз", - деп жауап қатты Біртанов.
Бұған қоса отырысқа жиналған депутаттар жастардың арасында снюс деп аталатын никотинді өнімдердің таралуы туралы алаңдаушылық білдірді.
Еске салайық, денсаулық сақтау министрлігі неліктен Қазақстанда қоғамдық орындарда темекі шегуге тыйым салу керек екендігі жайлы айтқан болатын. Бұл жағдай халықтың денсаулығының күрт нашарлауныа байланысты екен.
Қазіргі кезде қоғамдық тамақтану, пойыздар мен кемелерде, әуежай және теміржол бекеттерінің ғимараттарында, автобекеттерде шылым шегуге арнайы орындар тағайындалған
stan.kz