Ауданда діни ахуал тұрақты
Жалағаш ауданының дін мәселесі бойынша аудандық ақпараттық түсіндіру тобының 2020 жылдың I тоқсанында тиісті жұмыстар атқарылып, іс-шаралар өз денгейінде жүргізілді.
Жалағаш ауданында діни ахуал тұрақты. Ауданда діни ахуал тұрақтылығын сақтау мақсатында аудан әкімі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңес, аудандық ақпараттық түсіндірме тобы, Жалағаш ауданының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссия және ҚМДБ қарасты аудан көлемінде 14 мешіт жұмыс атқаруда. Демеушілер арқылы барлық мешіттердің жағдайларын қалыпты ұстап отыру мүмкіндіктері қарастырылған.
Үстіміздегі жылы (4 желтоқсан 2019 жылы №388 өкіммен) аудандық ақпараттық түсіндірме тобының жұмысын ілгерілету үшін топ құрамы қайта жаңартылды. АТТ құрамында 19 мүше бар.
Атап айтсақ, АТТ құрамында жергілікті мемлекеттік атқарушы органдар - 5, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты аудандық мешіт имамы - 2, білім саласы - 3, медицина саласы-1, мәдениет саласы-1, үкіметтік емес ұйым өкілдері - 2, "Дін мәселелерін зерттеу орталығы" КММ Жалағаш аудандық бөлімшесінің теолог маманы - 1, ардагерлерден - 1, жастар ұйымдары - 1, БАҚ өкілдері - 1, құқық қорғау органдары өкілдері – 1 адам енгізілді. Бүгінге дейін дін саласындағы мемлекеттік саясатты ақпараттандыру, деструктивті діни ағымдарды әшкерелеу және ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында БАҚ-да және әлеуметтік желілерде барлығы 12 материал жарық көрді. Оның ішінде, жергілікті "Жалағаш жаршысы" газетіне – 3, интернет ресурстар және әлеуметтік желілерге – 9 ақпарат жарияланды.
Аудан тұрғындары арасында діни экстремизм мен терроризмнің қаупін көрнекі үгіт-насихат құралдары арқылы алдын алу мақсатында «Қауырт желі -114», «Терроризмге жол жоқ» секілді тақырыптарда аудан бойынша 5 билборд орнатылды.
Жыл басынан бастап аудан көлемінде діни экстремизм және терроризмнің алдын алу бағытында ақпараттық түсіндірме тобының мүшелерімен түрлі бағытта 29 шара ұйымдастырылып, онда 950 аудан тұрғындары қамтылды.