» » Елбасы мақаласы елдігімізді бекіте түспек

Елбасы мақаласы елдігімізді бекіте түспек

Қазіргі уақытта әлемнің тынысы тарылды. Жұқпалы пандемия тарағалы жұмыр жердің үстін үрей кезіп кетті. Коронавирус індеті тек адамзаттың өміріне қауіп төндіріп қана қойған жоқ, дүниежүзілік экономикаға да кері әсерін тигізді. Аталған індеттен миллиондаған адам зардап шекті, мыңдаған адам құрбан болды және ең қорқыныштысы, осы сандық көрсеткіштің күн санап өсіп келе жатқаны. Жұқпалы дерт біздің елімізге де ауыр салмақ салып тұр. Президенттің Қаулысымен еліміз бойынша төтенше жағдайлар жарияланып, барлық аймақтар карантинге жабылды. Алайда, Үкімет ел ішінде белең алған ахуалды барынша қатаң бақылауда ұстап, жан-жақты сақтық шараларын күшейтті. Сонымен бірге, дәл осындай қиын кезеңде Үкімет абдырап қалған халықтың әлеуметтік жағдайына да аса мән беріп, мейілінше көмектер мен жеңілдіктер жасап отыр.
Халқымыз бұның алдында да талай нәубет пен індетті көрді. Бұл да өтпелі қиындық. Бұл елдігіміз сыналатын кез шығар, бәлкім. Ендеше, бізге қазір жұқпалы вируспен күрескеннен бұрын, бойымыздағы үреймен күресуге тура келеді. Ол үшін сабырлы қалпымызды сақтап, бірлігімізді бұзбай, карантиннің ережесіне бағынуға тиіспіз. Сонда ғана сын сағатта халықтың амандығы үшін барлығын жасап жатқан билікке көмектесеміз және біз біріксек күшіміз де, қуатымыз да арта түспек. Ал қандай да бір қиындықты тек бірлігі бекем ел ғана жеңіп шығады.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың "Бірлесе білген ел бәрін жеңеді" деген мақаласы да осы сөзімді айғақтай түседі. Елбасы өз мақаласында қиындық құрсауында қалған халықты бірлікке шақырды. Тәуелсіздік жылдарынан бері ел өмірінің ең қиын да, күрделі кезеңдерінде халықпен бірге болып, тәуелсіз елдің ертеңі үшін өлшеусіз еңбек сіңірген Н.Ә.Назарбаев ұлт саулығы сынға түскен қазіргі сәтте де қазақстандықтарға ақ жарма сөзін арнады. Жұқпалы індет әлемге экономикалық дағдарыс тудырған уақытта қазба байлығы жетерлік Қазақстан қандай жағдайда да экономикалық тұрғыдан қиындық көрмейтінін, халыққа мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалатынын жеткізді. Әрие, бұны тәуелсіздіктен осы уақытқа дейінгі жүргізілген сарабдал саясаттың жемісі деп түсінгеніміз жөн. Елбасы бұл жайында өз сөзінде: "Қазіргі Қазақстанды Кеңес одағы ыдыраған өткен ғасырдың 90-жылдарындағы Қазақстанмен салыстыруға болмайды. Бізде осындай қиындық туғанда ешкімге алақан жаймау үшін ұрпақ қамы, ел болашағы үшін жинақталған Ұлттық қор мен алтын-валюта қорында 90 миллиард АҚШ доллары бар. Ретімен, үнемді пайдаланар болсақ, ол бүгін басымызға түскен тағдыр мен тарих сынынан еңсемізді тік ұстап өтуге мол мүмкіндік береді" деді. Иә, расында біз ең бай мемлекетте бақытты ғұмыр кешіп келе жатқан халықпыз. Әрине, біздің бақытымыз материалдық байлық емес, біздің бақытымыз - ынтымақ, бірлігімізде. Егер елдігімізге сай бірлігіміз болмаса, жеріміздің кеңдігінен, кен байлығынан ешқандай пайда жоқ. Елбасы бұл жайында өз мақаласында: "Біздің еліміздің ең үлкен байлығы - адам мен оның өмірі болғандықтан, әрбір адамның өзінің отбасының, ата-анасы мен бала-шағасының өміріне, денсаулығына зор жанашырлықпен, ерекше жауапкершілікпен қарауы керек. Өйткені ұлт денсаулығы - мемлекет қауіпсіздігінің құрамдас бөлігі" деді. Иә, бұл дәл уақытында айтылған сөз. Бізге қазір бірлікпен бірге, өз өмірімізге, денсаулығымызға деген үлкен жауапкершілікпен қарайтын сындарлы сәт туды.
Елбасы мақаласында айтылған мемлекетіміздің дәл қазіргі жағдайға қарсы тұра алатын қауқарлы қуаты бар екені құр жұбату сөз ғана емес, іс жүзінде де көз алдымызда жүзеге асырылып жатыр. Ендеше Елбасының қиын сәттегі ақ тілеуі төтенше жағдай кезіндегі абдыраған халықты сабырға шақырып, жарқын болашаққа деген сенімін бекіте түсері сөзсіз. Тек біз осындай кезде бірлігімізді бұзып алмай, қиындықты бірге еңсеруге күш салуымыз керек.

Мейрамбек ЕСПАНОВ,
аудандық мәслихат хатшысы
09 сәуір 2020 ж. 324 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930