» » Вирустан қорғану қолыңыздан келеді

Вирустан қорғану қолыңыздан келеді

Вирустан қорғану қолыңыздан келедіCOVID 19 вирусы қазіргі таңда бар елдің бойына қорқыныш үйіргені анық, жаппай таралуымен бірнеше елді қамтып сондықтан да, қазіргі таңның пандемиясы болып отыр. Сондықтан да келесі пайдалы кеңестерге құлақ асқан жөн. Қандай шаралар қолдану қажет?

1. Психологиялық тұрғыдан тұрақтылық – сабыр, қатты уайымдасаңыз иммунитетіңіз төмендейді (барлық ауру иммунитет төмендеген кезде пайда болады;

2. Қолыңызды жиі жуыңыз, қалтаңызда кішігірім антисептик спрей жүрсін, жиі қолыңызды тазартып тұрыңыз;

3. Қол алысып амандасуды шектеңіз, қазір бәрі түсінеді;

4. Үйіңізді, жиі болатын жұмыс орындардың ауасын жиі желдетіп отырыңыз;

5. Қандай да вирус денеге түскенде өзіне ыңғайлы ақуызбен қатынасқа түсіп, жұғу қаупі артады.

Міне, қазіргі зерттеу жүргізіп жатқан ғалымдар, зертханалар тұжырымы бойынша COVID 19 вирусы, адам ағзасындағы ACE2 ақуызы арқылы байланысқа түседі екен. Яғни, бұл ақуыз барлық адамда кездеседі, көбінесе егда жастағы қарт адамдарда ақуыз жыл сайын артып отырады (бұл ақуыз қан тамыр, жүрек және тыныс алу жүйелерінің жүмыс жасауымен жіті байланыста болады). Сондықтан да, қарапайым тұмау жас балалар мен жүкті аналарға жоғары қауіп төндірсе, COVID 19 вирусы балалар мен жүкті аналар арқылы тасымалданып, егде жастағы адамдарға жұғу қаупі жоғары, сондықтан жақындарыңызды қорғаңыздар;

6. Осы аралықта біздің цифрлық технологияларымызды жаппай қолдануға болады. Оқу үрдістерін студенттер, магистранттар және докторанттарды онлайн режимде білім алумен жалғастырса, ендігі кезек әр адамның жеке басы мен жанұясына байланысты:

• көп адам қатынаста жүретін сауда үйлеріне бармай ОНЛАЙН тапсырыс берген жөн. Қазіргі таңда көп компаниялар тапсырысыңызды ақысыз жеткізіп беру шараларын бастады;

• той және жиындарға қатысуды шегерген жөн;

• Жұмыстарыңызды мейілінше дистанционды түрде атқаруға тырысыңыз.

7. Фитнес залдарға баруды қоя тұрып, фитнеске баратын уақытыңызды шегеріңіз (заморозка), физикалық жатығуларыңызды үйде жасаңыз;

8. Диета (арықтау) жайында ұмытып құнарлы әрі антибактериальды (сүт, пияз, сарымсақ) тағамдарды қолданыңыз;

9. Егер, дене қызуыңыз жиі көтеріліп, құрғақ жөтел пайда болып, тыныс алуыңыз қиындап, ентігу байқасаңыз бірден жедел жәрдем шақырыңыз. COVID 19 вирусы тыныс алу жолдарына түсіп, өкпе тінін зақымдап (созылмалы өкпе, тыныс алу жолдарының аурулары бар адамдар да бірден тыныс алу жетіспеушілігіне тап болады) өкпенің тыныс алуға арарналған қуыс алвеолаларын бітейді. Сондықтан да жоғарыда көрсетілген симптомдар пайда болады;

10. Ауыз қуысын күнделікті екі рет жуып, ауыз қуысын шаюға арналған ерітінділермен немесе сода ерітіндісімен шайған дұрыс; Осы сәтте "тазалық – денсаулық кепілі" орында деп ойлаймын! Жаныңыз да, тәніңіз де таза болсын! Тек жақсы ойлармен, берілген ұсыныстарды қолданып, өзіңізде жанұяңызды да аялап, мәпелеңіз! Қарсы тұру біздің қолымыздан келеді! Әрқашан аман болыңыздар, сүйікті жандарыңызды қорғап, мәпелеңіздер!

massaget.kz
24 мамыр 2020 ж. 290 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 768

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930