Израиль Қазақстанға 4,5 миллион теңге көлемінде гуманитарлық көмек жібереді
Израиль Қазақстанға 4,5 миллион теңгеге гуманитарлық көмек жібереді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстандағы Израиль елшілігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Израиль қазақстанқа коронавируспен күреске қажетті заттар жіберетін болады."Жөнелтуде дәрігерлерге арналған қорғаныс костюмдері бар, олар республика бойынша COVID-19 таралуын азайтуға және аурумен күресудің алдыңғы қатарында медициналық қызметкерлердің денсаулығын сақтауға көмектеседі. Гуманитарлық көмек Израильдің халықаралық ынтымақтастықты дамыту агенттігінен МАШАВ тарапынан жебірілген.
"Коронавирусқа қарсы күрес әлемдегі ең өзекті мәселе болып қала береді. Біз үшін қиын уақытта достарымызға қолдау көрсету өте маңызды", - деді Израиль елшісі Лиат Вексельман.
Сонымен қатар, Израиль қазақстандық тарапқа COVID-19 препаратын емдеуде консультациялық қолдау көрсетеді. Израильдік дәрігерлер қазақстандық әріптестерімен бейнеконференция өткізуде.
Елшілікте атап өтілгендей, денсаулық сақтау Қазақстан мен Израиль арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі болып табылады.
"Біз елдеріміз арасындағы медицина саласындағы және басқа да салалардағы тиімді қатынастарды одан әрі нығайтуға ниеттіміз", - деп қосты елші.
Естріңізге сала кетейік, осыған дейін Қазақстан Өзбекстан мен Ауғанстанға гуманитарлық көмек жібергені белгілі болған. Батыс Қазақстан облысына Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан (ДДСҰ) гуманитарлық жүк келгені туралы да хабарлаған болатынбыз.