» » ЖОЛДАУ ХАЛЫҚ ТІЛЕГІМЕН ҮНДЕСТІ

ЖОЛДАУ ХАЛЫҚ ТІЛЕГІМЕН ҮНДЕСТІ

Ел жоғарғы билік өкілдерінен тек жақсы сөз бен нәтижелі іс күтеді. Ал, Президенттің пәрмені, жарлығы халықтың жүрегіне үлкен сенім ұялатып, келешекке деген үмітін маздата түседі. Биыл да Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауы көпшіліктің көңілінен шығып, қолдау тапты. Жолдауда айтылған еліміздің келешегіне қатысты маңызды жоспарлар мен әр салаға қатысты өзгерістерді қоғам болып талқылап жатыр. Бұл Жолдауда да жүзеге асырылатын жақсы бастамалар көп екеніне көз жеткіздік. Тек енді соның нәтижесін көретін күн жақын болса игі. Осы орайда бір ескеретін жайт, біз Мемлекет басшысы бастаған қандай да бір игілікті іске халық болып ұйысып, қолдау білдірмесек, бәрі бекер. Өйткені елдік мүдде жолындағы еңбек тым ауыр, оған жалғыз адамның шамасы келмейді. Сондықтан біз Жолдауда айтылған бастамалар мен өзгерістердің, тапсырмалардың орындалуына тым болмаса ықылас-пейіліміз арқылы себепкер болуға тиіспіз.
Жолдауда көп нәрсе айтылды. Соның ішіндегі ең маңыздысы, Мемлекет басшысының ұзақ жылдарға ұласып келе жатқан жер дауына нүкте қоюы. Қасым-Жомарт Тоқаев "...жеріміз шетелдіктерге сатылмайды", деп кесіп айтты. Халықтың көптен күтіп жүрген сөзі де осы еді. Шынымды айтсам, мен де толқыдым. Жер болмаса, ел де болмайды. Сынық сүйем жеріміз болса да ол жергілікті халықтың иелігінде болуы керек. Мұғалімдердің айлық жалақысы 25 пайызға өсетіні ұстазадар қауымын қуантты. Тіпті бұл жаңалық жаңа оқу жылының басында оларға тың күш-жігер сыйлап, қызметіне деген ынтасын арттырып, тиісінше жауапкершілігін еселей түседі деп ойлаймын. Елдің болашағын ойласақ, ұстаздардың материалдық жағдайын жақсартып, мұғалім мәртебесін көтеру керек. Сондықтан мамандығым мұғалім болмаса да, мен Президенттің бұл шешімін толық қуаттаймын. Еліміз, тіпті бүкіл әлем жұртшылығы бір жылдан бері пандемиямен күресіп келеді. Осы індеттің салдарынан биыл біздің елімізде де көп адам көз жұмды. Президент Жолдауынан осы мәселе де тыс қалмады. Пандемияға қарсы күресті күшейту мақсатында мемлекеттен 1 триллион теңге қаржы бөлініп, өңірлерден жаңа жобадағы жұқпалы аурулар ауруханасы салынатыны да ақпарат көздерінен тараған сан түрлі үрейлі хабарлардан абыржыған халықтың көңілін демдеді.
Жалпы биылғы Жолдауды да жұртшылық жылы қабылдады. Алдағы күннен жақсылық күтетін халықпыз ғой. Сондықтан билік пен халық арасындағы байланыс нығайып, Мемелекет басшысының ел игілігі үшін жасап жатқан ісін бірлесе жалғап, жарқын болашаққа бірге барамыз деп сенемін.

Садық ӘЛИЕВ,
аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы
01 қыркүйек 2020 ж. 363 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 760

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930