» » » ОЙ-ПІКІРЛЕРІН ОРТАҒА САЛДЫ

ОЙ-ПІКІРЛЕРІН ОРТАҒА САЛДЫ

ÐаÑÑинки по запÑоÑÑ Ðөңгелек Ò¯ÑÑелПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жуырда Қазақстан халқына арнаған Жолдауы жұртшылықтың назарын бұрып, қоғамда қызу талқыланып жатыр. Сондай-ақ арнайы насихаттық топ жер-жерде халықпен кездесіп, Жолдаудың мән-маңызы туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, халықтың ой-пікірлерін тыңдап келеді.
Жуырда аудан орталығында орна­ласқан Ш.Ермағанбетова атын­дағы №246 орта мектепте ‘‘Nur Otan’’ партиясы Жалағаш аудандық филиалының “Дарын” бастауыш партия ұйымы мүшелерінің қатысуымен Жолдауды жалпы халыққа тарату және ондағы атқарылатын жұмыстарды талдап түсіндіру мақсатында жиын өтті. Жиынды аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлзат Құрманбаева ашты. Жиынға аудандық мәслихаттағы "Nur Otan" партиясы фракциясының жетекшісі Рауаш Әлиева, "Nur Otan" партиясы Жалағаш аудандық филиалының есеп және статистика секторының меңгерушісі, аудандық партия филиалының саяси кеңесінің мүшесі Ахан Кенжебаев және "Жас Отан” Жастар қанаты аудандық бөлімшесінің басшысы, аудандық партия филиалының саяси кеңесі бю­росының мүшесі Нарбота Серәлі қатысты.
Алдымен сөз алған Р.Әлиева білім саласының ардагері болған соң алдымен ұстаздарды жаңа оқу жылымен құттықтады және ұрпаққа білім мен тәрбие беру жолындағы айырықша еңбектеріне зор табыс тілеп, Жолдаудың негізгі бағыттарына тоқталды.
– Тәуелсіздіктің алғашқы жыл­да­рына көз жіберсек, Қазақстан Рес­публикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы 1997 жылдан бастап осы уақытқа дейін халыққа Жолдауын жариялап келді. Әрине, Елбасының жыл сайынғы Жолдауын халық асыға күтетін. Өйткені, Жолдаумен бірге жыл келгендей жаңалық ере келетін. Атап айтсақ, аталған маңызды құжаттың әрбірінде еліміздегі қоғамдық саяси тұрақтылық, ұлтаралық татулық баса айтылып, руханиятты күшейтуге, заң жүйесін жаңартуға, білім саласының сапасын арттыруға, медицина сала­сының әлеуетін күшейтуге, ше­ші­мін таппай келе жатқан әлеуметтік мәсе­лелерге, халықтың жағдайына мән берілетін және сол Жолдауда айтыл­ғандардың барлығы да халықтан қол­дау тауып, өз кезегімен орындалып келеді.
Кеше ғана Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға өзінің алғашқы Жолдауын жариялады. Оны өздеріңіз бұқаралық ақпарат құралдары арқылы көріп, біліп, та­ны­сып отырсыздар. Маған Пре­зи­дент­­тің: "Елдің қоғамдық саяси өмірін жаңартпай, экономикалық рефор­­ма­ларды табысты жүргізу мүмкін емес" деген сөзі ұнады.
Шын мәнінде қазірде баспасөз беттерінде, әлеуметтік желілерде сан алуан пікірлер айтылып жатыр. Әрине, зайырлы қоғамда, демократиялы мемлекетте өмір сүріп отырған соң егер қисынды болса билік тарапынан көпшіліктің де пікірлері ескерілуі тиіс. Десе де, жалған ақпарат тарату­шыларға, қаңқу сөздерге ере бермей, мейілінше халықты, қоғамды бірлікке шақырып, ынтымағын сақтауға жұмыс жасауымыз керек. Өйткені, біз бірлік болмаған жерде тірліктің де бол­майтынын, ауызбіршілік, татулық кеткен елден береке мен бақ, бейбітшілік пен тыныштық балақ түріп қашатынын айтып кеткен бабаларымыздың, көзі ашық, көкірегі ояу дегдар ұрпақ­тарымыз. Сондықтан қазір біздің алдымызда осы елдің, жердің перзенті ретінде тек бір тудың астына бірігіп, Қазақстанның болашағын бірге қалыптастыру, келе­шегін бірлесіп жасау, ел мүддесі жолында жауапкерішілікті жұмыла көте­ру секілді ұлы міндеттер тұр. Міне, сол еліміздің болашағы үшін, келешегі үшін жасалатын жұмыстар, жоспарлар, бағдарламалар Президенттің осы Жолдауында толығымен көрініс тапқан.
Мәселен, Мемлекет Басшысы мұнда мұғалімдердің мәртебесін көтеріп, жалақыларын да көбейтуге баса назар аударды. Сол секілді көптен бері халық арасында жиі-жиі толқулар туғызып келе жатқан жер сату мәселесіне де нүкте қойды. Сонымен бірге шағын бизнесті дамытуды және оған мемлекет тарапынан жан-жақты қолдауды күшейтуді, ұлттық қорды тиімді пайдалануды айтты. Әлеуметтік мәселелерге, соның ішін­де білім саласы мен экономика саласына да баса мән берді. Сосын қазіргі қоғамда белең алып тұрған зорлық-зомбылықтың алдын алып, отбасын қорғауға, балаларды қорғауға айырықша көңіл бөлді. Зейнетақы мәселесі де назардан тыс қалған жоқ. Міне, бұдан басқа да мәселелер жақсы айтылды. Тек енді біз осы Жолдауда айтылған бағыттарды талдап, түсініп, бір ауыздан қолдау білдіруіміз керек, – деді Р.Әлиева.
Одан соң жиында Н.Серәлі Пре­зиденттің Жолдауда жастарға назар аударып отырғанын ризашылықпен жеткізіп, мемлекет тарапынан келешек үшін жасалған үлкен қолдауды жастар шын сезінетініне тоқталды, Жолдауды жастар болып өзара талқылап, ой-пікір қосқанын айтты. Сонымен бірге осы кездесуде А.Бисенов атындағы №38 орта мектептің директоры Г.Құлмаханова және №123 Т.Жүргенов атындағы мектеп-лицейдің мұғалімдері С.Қосжанова, Е.Каналхандар Жолдауға байланысты өз пікірлерін білдіріп, он­дағы білім саласына арналған тарау­ларына байланысты ойларын ортаға салды.

Қ.АХЕТОВ

17 қыркүйек 2019 ж. 1 041 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 762

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930