ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒЫТҚА БЕТ ТҮЗЕДІК
Көптен бері жерімізді шетелдіктерге жалға беру туралы мәселе талас-тартыс тудырып, тіпті соңы көпшіліктің бейбіт шеруіне ұласып, халық ата-бабасынан қалған жерінің жатжұртқа жалға берілмеуін сұрап, үкіметке наразылық білдірген еді. Әрине, мен де сол халықтың бірімін. Сондықтан мен де ұлан-байтақ жерімізді өзіміз ғана игеріп, пайдаланып, болашақ ұрпаққа аманттап, табыстап кетуді қалаймын.
Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға кезекті Жолдауын арнады. Халықтың сенері – билік. Көппен бірге асыға күтіп тыңдадық. Жолдауда көп мәселе қамтылыпты. Қуанарлығы, жер мәселесінің лайықты шешімін табуы. Президент жеріміздің шетелдіктерге сатылмайтынын, ауыл шаруашылығы жерлерін толыққанды экономикалық айналымға енгізудің өзге әдіс-тәсілдерін әзірлеуді Үкіметке тапсырды. Халық көңіліндегі күдік сейілді. Сонымен бірге білім, медицина саласындағы жақсы жаңалықтар көңіл қуантты. Өйткені, еліміздің келешегі білімді ұрпақтың қолында. Сондықтан оларға сапалы білім беру мәселесі күн тәртібінен түспеуі тиіс, кезек күттірмеуі керек. Мұғалімдердің қоғамның қалыптасуы жолындағы еңбегі көп. Сол үшін де олар мемлекет тарапынан моральдық және материалдық қолдауды қажет етеді. Президент Жолдауындағы басты назар аударылған сала осы білім саласы болды. Мұғалімдердің айлық жалақасын өсірумен бірге оларға бұрынғыдан екі есе жауапкершілік жүктелді. Мемлекет басшысы сонымен бірге карантин жағадайында оқушылардың білім алуының қиындығына байланысты қашықтан оқуға арналған онлайн платформаны шұғыл түрде әзірленетінін жеткізді. Содан соң медицина саласын жетілдіріп, дәрігерлерді материалдық тұрғыдан қолдау үшін оларға үстемақы төленетін болды. Бұл да көңіл қуантар жаңалық. Әсіресе, дәл қазіргі пандемия жағдайында медицина саласына тың серпін керек, дәрігерлерді де жан-жақты қолдау қажет.
Жолдаудың ең негізгі бөлігі еліміздің жаңа экономикалық бағытының қағидалары. Солардың ішінде: жеке кәсіпкерліктің жетекші рөл атқаруы және әділ бәсекелестік, кәсіпкерліктің жаңа буынына нарықтардың ашық болуы. Сонымен бірге өнімнің өсімі, экономиканың күрделілігі мен технологиялық тиімділігінің артуы. Мен жеке кәсіпкермін. Бірнеше жылдан бері егін шаруашылығымен айналысып келемін. Кәсіпкерлікті дамытатын – бәсекелестік. Ал осы салада өзегемен бәсекеге түсу үшін сен кәсібіңнің өнімділігін арттыратын тиімді технлогиялық тетікті табуға тиіссің.

Самат САРБАСОВ,
кәсіпкер