ТҰРҒЫНДАР ДА ҚАУІПСІЗДІККЕ НАЗАР АУДАРҒАНЫ АБЗАЛ
Қылмыс қоғам үшін қауіпті. Қылмыстық заңда бөтеннің меншігіне қол сұғу үшін жауаптылық меншік қатынастарына, қол сұғу тәсілдеріне байланысты дараланып бөлінеді. Меншікке қарсы қылмыстардың ішіндегі ең көп тараған және қоғамға едәуір қауіптісі – ұрлық.
Пайдакүнемдік мақсат – меншік иесіне залал келтіре отырып, бөтеннің мүлкін қайтарымсыз, жасырын иемдену. Бұл қылмыстық іс-әрекеттер меншікке қарсы қылмыстар қатарына жатады, яғни жеке меншік иесінің меншігіндегі мүліктерді иелену, пайдалану және оған билік жасау құқығына нұқсан келтіреді.
Ұрлау арқылы мүлікті алғанда айыпты оны өз пайдасына немесе басқа адамдардың пайдасына айналдырады. Ұрлаған адам мүлікке өз меншігіндей билік жасайды, бірақ заң жүзінде ол меншік иесі бола алмайды, себебі меншік құқығын қылмыстық жолмен алу мүмкін емес.
Мемлекетімізде жеке меншік пен мемлекеттік меншік тең дәрежеде танылады және қорғалады. Жеке меншік құқығы заңмен қорғалады. Әркімнің меншігіндегі мүлікті иеленуіне, пайдалануына және оған билік етуіне құқығы бар. Меншікке қарсы қылмыстар деп иелік ету құқығын бұзумен, меншік иесіне басқа да тәсілдермен, мүліктік зиян келтірумен немесе осындай зиян тигізуге қауіп-қатер жасаумен байланысты әрекетті айтады.
Пәтер ұрлығына келетін болсақ, үй иелері діни әдебиет немесе қандай да бір тауар сатушы ретінде келгендерден өте сақ болғаны жөн. Өйткені олар үй иесінің көңілін аулай алмаса да, пәтердің жай-күйін бақылап, есікке қандай кілт түсетінін, үйде қандай бағалы бұйымдар бар екенін анықтайтын көрінеді. Сондықтан да бір адамның үйге қайта-қайта келіп, қоңырау шалуының арты үлкен өкінішке ұрындыруы мүмкін. Себебі қылмыскерлерге қайта-қайта қоңырау шалу ауадай қажет. Осы арқылы олар тұрғындардың қайсысы қай уақытта үйлерінде болмайтынын анықтайды. Егер пәтер есігін осы «өкілдердің» бірі жиі қақса, онда үй иесі дереу ішкі істер органына хабарласып, шынында да, осы мекен-жайға өз қызметкерлерін жібергендігі жайлы ақпарат алғаны жөн. Әйтпесе бүгінгі таңда пәтер тонаушылардың пәтерге ену тәсілдері де жыл санап заманауи сипат алып барады. Бір кездері терезе немесе балкон арқылы, кейде тіпті есікті бұзып кіріп жүрген ұрылар қазір құлыпқа сәйкес кілт тауып, ішке енуді әдетке айналдырған.
Айыпты адам жасырын түрде заңсыз және қайтарымсыз бөтеннің мүлкін алатынын біледі. Өз әрекетінің нәтижесінде меншік иесіне немесе өзге иеленушіге материалдық залал келтіретінін болжайды және алған тәсілмен осындай зиян келтіруді қалайды. Ол пайдакүнемдік мақсатты басшылыққа алады және заңсыз олжаға бату мақсатын көздейді. Ұрлық азаматтардың жеке мүлкін тартып алу мақсатында және әдетте, арнайы дайындықсыз жасалады.
Қылмыскерлер шағын топтар құрамында немесе жекелеп, негізінен ашық жерлерде (көшелерде, саябақтарда, үйлердің аулаларында) кешкі уақытта әрекет жасайды. Ұрлық жасаған кезеңде қылмыстық іс қозғау ерекшеліктерді жәбірленушілердің немесе олардың туыстарының арыздары, мемлекеттік, қоғамдық немесе жеке ұйымдардан лауазамды тұлғалардың, осы ұйымдарға жататын мүлікті ашық түрде билік етуге шынайы мүмкіндік алған сәтінен бастап бұл мүмкіндікке асырған, асырмағанына қарамастан, ұрлық жасалған деп есептеледі.
Ж.Абдуайтов,
Жалағаш АПБ-ның Жергілікті
полиция қызметінің бастығы,
полиция капитаны