» » Қазақстанда 20 қыркүйек пен 15 қазаннан кейін қатаң карантин енгізіледі ме - Министрлік түсініктеме берді

Қазақстанда 20 қыркүйек пен 15 қазаннан кейін қатаң карантин енгізіледі ме - Министрлік түсініктеме берді

Денсаулық сақтау министрлігі "Қазақстанда 20 қыркүйек пен 15 қазаннан кейін қатаң карантин енгізіледі" деген қауесетке түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

карантин

"Бұған дейін 20 қыркүйектен бастап карантин күшейтіледі деген қауесетке түсініктеме беріп қойған едім. Карантинді күшейту жоспарланбағанын ресми түрде хабарлаймын. Бұл жалған ақпарат. Қазақстандықтарды бейресми ақпаратты таратпауға және оған сенбеуге шақырамын. Егер карантин күшейтілетін болса,  хабарлаймыз", - деді тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев. 

Байтанаев елде карантин шаралары біртіндеп жеңілдеп келе жатқанын айтады. 

"Жалған ақпаратты таратушыларды іздейміз, полицияға арыз жазамыз. Елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты, бірақ бас санитарлық дәрігердің барлық талаптарын сақтау керек", - деді ол.

Бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстандағы коронавирустың екінші толқынының болжамды мерзімдерін атап өткен болатын.

18 қыркүйек 2020 ж. 576 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 709

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930