» » Ресейде шұжықтан африкалық обаның вирусы табылды

Ресейде шұжықтан африкалық обаның вирусы табылды

Фото pixabay.com


Ресейде шұжықтан африкалық обаның вирусы табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Sib.fm басылымына сілтеме жасап.

Воронеж облысындағы ет комбинаты шығарған шұжықтан шошқалардың африкалық оба вирусының ДНҚ-сы табылды. "Интерфакс" мәліметінше, өнім Великий Новгородтағы қоймалардың бірінде сақталған.

Қазір мұндай шұжықтың 14 килограмға жуығы жойылды. Новгород облысының ветеринария комитетіндегілер вирустың геномы адамдарға қауіпсіз, бірақ шошқаларға қауіпті - өліп кетуі мүмкін екенін мәлімдеді. 

Инфекция тараған нысанда 22 қазанға дейін карантин жарияланды. Ол жерде вирусты жою шаралары жүргізіліп жатыр. 


16 қазан 2020 ж. 341 0