ЖЕМҚОРЛЫҚ ЖОЙЫЛСА, ДАМУ ДИНАМИКАСЫ ӨЗДІГІНЕН ҚАЛЫПТАСАДЫ
Жемқорлық белең алған ортада даму динамикасы әсте болмайтыны сіз бен бізге айтпаса да белгілі. Экономикада тұрақты өсім қалыптастырып, мемлекеттің кемел келешегіне күш салған Қазақстанның бұл кеселмен күресуді күн тәртібінен түсірмейтін себебі де осы.
Қазір жер-жерлерде жемқорлықты түбегейлі жою мақсатында ілкімді істер қолға алынуда. Бұл өз кезегінде қоғам дамуын қамтамасыз етіп, әрбір қолға алынған жобалардың жүйелі жүзеге асуына оң ықпалын тигізері анық.
Сыбайлас жемқорлық қалай жойылады? Осы сауалды әрбір отандасымыз өз-өзіне қойып және соған жауап таба білсе, бұл мәселе елімізде орын алмас еді. Себебі әрбір қазақстандық онымен күресті өзінен бастаса, елімізде пара беру және пара алу сияқты жағымсыз кері әрекеттер орын алмас еді.
Мемлекет шама-шарқынша қоғам дертімен күресті күшейтіп жатыр. Ал бұл жолда қолға алынған жобалар өз жемісін беру үшін әлгіндей сауалға әрбір отандасымыз жауап іздеп, онымен күресті өз-өзінен бастаса игі.
Жалағаш ауданында да сыбайлас жемқорлықтың қоғам дамуына кері әсері барын көпшілікке түсіндіру үшін тағылымды шаралар ұйымдастырылып тұрады. Әрбір ұжымның бірінші басшысы оның салдары мен зауалы тікелей мемлекет дамуын тежейтінін әріптестеріне түсіндіреді. Бұл өз кезегінде өңірде кеселдің өркен жаюын тежейтінін тағы да сіз бен біз жақсы білеміз. Сондықтан өзіміз өмір сүріп жатқан қоғамдық ортада ілгерілушілікке көз жеткізгіміз келсе, жемқорлықпен күресті алдымен өзімізден бастайық.

Ғазиз Арунов,
аудандық қазынашылық басқармасының
бас маман-бас қазынашысы
аудандық қазынашылық басқармасының
бас маман-бас қазынашысы