» » «Мәдени мұра» бастауыш партия ұйымының мүшелері конференцияға делегат сайлады

«Мәдени мұра» бастауыш партия ұйымының мүшелері конференцияға делегат сайлады

Осы жылдың 07 қараша күні «Мәдени мұра» бастауыш партия ұйымының жиналысы өтті. Бастауыш ұйым төрағасы Дүйсенбиева Бибіасия төрғалығымен өткен жиынға бастауыш ұйымға қарасты топтық ұйымдар жетекшілері мен топ мүшелері қатысты.

Жиынның күн тәртібіне «Nur Otan» партиясы Жалағаш аудандық филиалының кезектен тыс XXVII конференциясына делегаттар ұсыну туралы мәселе қойылып үміткерлер таныстырылды. Ұйым мүшелерінің толықтай дауыс беруімен конференцияға делегат ретінде топ жетекшісі Құлмахан Қожатай Қожақұлы – Жалағаш аудандық тарихи өлкетану мұражайының директоры, БПҰ төрағасы Дуйсенбиева Бибіасия Аманжоловқызы – Жалағаш аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің сектор меңгерушісі,  партия мүшесі Шілдебаев Асет Тыныштықұлы - Қ.Қазантаев атындағы Жалағаш аудандық мәдениет Үйінің директорының орынбасарының кандидатуралары қолдау тапты.

Жалпы атап өту керек, «Nur Otan» партиясы  Жалағаш аудандық филиалында 3062 партия мүшесі бар. Олар 22 бастауыш ұйымдарға топтасқан.
 
09 қараша 2020 ж. 299 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 720

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031