» » ЖЕМҚОРЛЫҚ - МЕМЛЕКЕТТІ КҮЙРЕТЕДІ

ЖЕМҚОРЛЫҚ - МЕМЛЕКЕТТІ КҮЙРЕТЕДІ

Кез-келген мемлекеттің дамуындағы ең өзекті проблема ол - сыбайлас жемқорлық. Бұл біздің елде де үлкен мәселеге айналып отыр. Елдің келешегіне кедергі болып көлденең тұрған кеселдің жолын кесіп, түбірімен жою үшін Мемлекет басшысы да тиісті шаралар қабылдады және оны жедел жүзеге асыруды құзырлы орындарға тапсырды. Мемлекет қазынасындағы халық қаржысын жымқырғандарға қатаң жаза да бар. Алайда, соған қарамастан әбден тамырлап кеткен жемқорлық індетінің беті бері қарамай тұр. Жемқорлық - үлкен дарақты іштей кеулеп жеп, түбінде құлатып тынатын жегі құрт секілді. Егер дер кезінде шаралар қолданып, алдын алмасақ, мемлекетті күйретіп тынады. Бұл жерде біздің ескеретініміз - тәуелсіз мемлекеттің ертеңі. Қалыптасу кезеңіндегі мемлекет үшін ең қауіпті үдеріс те осы жемқорлық. Сондықтан жемқорлықпен күресу тек заң шеңберінде ғана емес, әрбір Қазақстан Республикасы азаматының отаншылдығы тұрғысында да көрініс табуы тиіс. Өйткені елінің ертеңіне, ұрпағының келешегіне алаңдайтын адам халыққа ортақ қазынаға заңсыз қол сұқпайды. Керісінше, оны жанын салып қорғауы тиіс. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күрес жолындағы әрбіріміздің әрекетіміз тек қағаз жүзіндегі ақпарлармен ғана шектелмей, сондай заңсыз әрекеттерге баратын кезде арымыз безбенге түсіп және сол азаматтығымыздың алдында жауапты болуымыз керек.

Мадина Турсынбаева,
Жалағаш аудандық қазынашылық басқармасының бас маман бас-қазынашысы


21 қараша 2020 ж. 358 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930