ҰРПАҚ ПАРЫЗЫның ұлағаты
Өткенді танып білмесең, болашаққа қадам баса алмайсың. Өйткені кез келген адам шыққан тегін, өткен тарихын, сол тарихтың қатпарлы беттеріндегі елеулі оқиғаларды, ел басына күн туған қиын-қыстау кезеңдерді білсе ғана өз ұлтының болмысын толық тани алады. Әсіресе тарихи тұлғалар мен баһадүр батырлардың, дәстүрлі ислам дінімен сусындатқан молда ишандар мен ахундардың өнегелі өміржолдарын өскелең ұрпақ жадында жаңғырту – бүгінгі буынның міндеті. Осындай игі істің ізімен жуырда аудан орталығындағы «Альтайр» оңалту орталығының тәрбиеленушілері киелі мекендерге сапарлап қайтты. Саяхатшылармен бірге біз де барып, балалардың қуаныштан балбұл жанған жүздерін, ерекше әсерлерін көріп қайттық.
Айта кетейік, бүгінгі таңда оңалту орталығында 10 бала тәрбиеленуде. 2015 жылдан бері ерекше күтімді қажет ететін балалардың сауығуына, қажетті ем-дом алуына күш салатын орталық 18 жасқа дейінгі балаларды қабылдай алады. Бас-аяғы 7-8 қызметкердің көмегімен талай бүлдіршін қатарға қосылған. «Альтайр» оңалту орталығының меңгерушісі Лида Сайлауқызының айтуынша, орталық қызметкерлері күнделікті жоспарлы жұмыстан бөлек балалардың көңілін аулап, бос уақытын тиімді пайдалану үшін түрлі шаралар ұйымдастырады екен. Әсіресе мереке күндері орталық тәрбиеленушілері елеусіз қалған емес. Жергілікті кәсіпкерлердің, ерікті жандардың демеушілігімен мерекелік кештер өтіп, сыйлықтар үлестіріледі. Балалардың тарихи орындарға жасаған саяхаты да осындай елеулі еңбектің нәтижесі деуге болады.
Ертемен жолға шыққан балалар алдымен Қорқыт ата мемориалдық кешеніне аялдады. Тұтас түркі жұртына ортақ тұлға Қорқыт бабамыздың басына келушілердің қарасы қалың. Алдымен баба рухына құран бағышталып, саяхатшылар іштей тілек тіледі. Мұнан соң балалар жел ырғағымен Қобыз үнін есетін ескерткіш маңында естелік суретке түсіп, қызықты жерлерді аралаған соң, мұражайға табан тіреді.
Қорқыт – әуен, әннің атасы, аңыз адам, қобыз киесі. Аңыз бойынша, Қорқыт жастайынан адам өмірінің сонша қысқалығына налып, қашсаң құтылмас ажалға қарсы күрескісі келеді. Абыз баба жан дүниесінің күйзелгенін басу үшін шырғай ағашынан қобыз жасайды да, оған шек тартып, азапқа толы ойы мен сезімін осы аспап үнімен еседі. Жыршының жан дүниесінен өрілген осы сыбызғы сазы бүкіл әлемге таралды, кереңнің құлағына жетіпті. Сол ықылым заманнан бері Қорқыт әуені мен қобызы оның көзіндей, киесіндей халық жүрегінде жасап келеді. Міне, осындай аңыздан сыр шертетін мұражайдағы көріністер мен ондағы тарихи жәдігерлер, архитектуралық қазба кезінде табылған мәдени мұраларды балалар көзбен көріп, қолмен ұстады.
Сапар аясында орталықтың тәрбиеленушілері тарихи орындардың маңыздылығы мен діни қайраткерлердің өмір жолдарымен танысты. Өткен ғасырлардан сыр шертетін мәдени мұраларды насихаттау арқылы тарихи тұлғаларды танып, білуге мүмкіндік туды.
Қорқыт ата мемориалдық кешенінен шыққан соң, Марал ишан қорымына аялдадық. Марал ишанның көріпкелдігі, кейбір оқиғаларды алдын ала болжап, айтып отыратындығы жөнінде тарихта аңыз әңгімелер баршылық. Данышпан халқымыз әулие-абыздар мен ишан атағына ие болған тұлғаларды қатты қадірлеген. Солардың бірі – 1780 жылы дүниеге келген, өз заманында «үш жүздің пірі» атанған, әулиелігімен танымал болған, Ислам дінінің рухани шамшырағы, діни тұлға Марал ишан.
Бұл кісі туралы аңыз әңгімелерді оқып отырсаңыз осындай ерекше қасиетке ие, біртуар тұлға екеніне көз жеткізесіз. «Марал ишан қазіргі Қостанай облысының аумағында туып-өскен. Бұқараға барып, діни білім алған. Өзіне берген аян бойынша Сыр өңіріне барып, ислам дінінің құндылықтарын уағыздаған, ел-жұрттың ақылшысы, имандылық жолына бағыт сілтеуші, ерекше қасиетке ие болған адам. Халық әулие санаған Марал ишанның басына келіп, рухына тағзым етіп, дұға оқып, Алладан тілеу тілейтін жандар өте көп. Ауруына шипа, дертіне дауа, жанына медет сұрайтындардың қатары үзілген емес. Ниет етіп келгендердің тілектері Алланың қалауымен орындалып жатады» дейді қорым басындағы шырақшы.
Оқуға зерек әрі Алла берген жеке басының қасиеті арқасында Марал шәкірттер арасында айрықша дараланып көзге түседі. Мұны қатар балалары көре алмай, қызғаныш ете бастайды. Осыны сезген әулие бірнеше рет шәкірттерге сынақ жүргізеді. Бірде шәкірттерге түнгі жатар алдында «Маған таң намазына тұрарда қайссың дәрет суымды жылытып бересің?» дейді ұстаз. «Мен», деп тұс-тұстан шулайды олар. «Таласпаңдар, кім бұрын жылытып берсе, сонымен дәрет аламын» дейді әулие. Кейбіреуі ұйықтап қалады. Бірсыпырасы «ерте тұрдық-ау», деп «енді су ысытып береміз» деп қамданып жүргенде, Марал таңғы елең-алаңда «Мінекейіңіз» деп ишанның қолына құманды ұстата қояды. Балалар түнімен ұйықтамай, бекерге алаңдап жүргенде, ол су толтырылған жез құманды түнде жылы төсек астында, бауырына басып жатқан екен. Бұл аңыз әңгіме де ел арасында кеңінен тараған. Елге белгілі ишанның ұстазының дәрет құманын күнде жатарда қолтығына қысып, жастанып жатса болды су жылып дайын тұрады екен. Сонда Марал ишанның әулиелігі, көріпкелдігі сол бала кезінен бойында болған.
Марал бабамыздың ұлы Қалмұхаммед (Қалқай ишан) Маралұлы да әке жолын жалғастырып, қасиетті дінімізді қазақ даласына таратқан. Ол Марал бабамыз ашқан мешіт-медрессе жұмысын одан әрі жалғастырады. Қалқай ишанның әулие әрі білімді тұлға болғандығы жөніңде имамдар мінәжат етіп барған жамағатқа әңгімелеп берді.
Мұнан соң балалармен бірге қорым ішінде тасқа қашалып жазылған жазуға кезіктік. Шырақшының айтуынша, бұл белгінің сақталғанына 100 жылдан аса уақыт өтіпті. Айта кетейік, Марал баба қасында көптеген әулие кісілердің сүйегі жатыр. Елге белгілі ишандардың кесенесі де осы жерде екен. Қасиетті мекен саналатын бұл маңға келушілер ишанның өмір жолдарымен танысып, киелі жерді көзбен көріп қайтты.
Ерлан СОЗАҚБАЕВ