» » Қырғызстанда орыс тілін мәртебесінен айыру ұсынылды

Қырғызстанда орыс тілін мәртебесінен айыру ұсынылды

Қырғызстанның Конституциялық кеңесінде орыс тілін ресми мәртебесінен айыру ұсынылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 



Кеңес мүшесі, қоғам қайраткері Садирдин Торалиев қырғыз тілін мемлекеттік тіл ретінде қалдырып, "қалғанын басқа заңдармен дамыту керек" керек екенін айтты.

"Орыс тілінің ресми мәртебесі бар. Біз оған үйреніп, байланған иттей отырамыз. Мұндай болмауы керек", - деді ол.

Торалиевтің сөзінше, жастар қырғыз тілінде сөйлесуді тоқтатқан. Оны ешкім үйретпейді, өйткені оған қажеттілік жоқ, бірақ бұл мақсатта жұмыс істеу керек.

"Сонда ғана барлығы қырғыз тілінде сөйлей бастайды", - деп сендірді ол.

Елдің негізгі заңының жаңа жобасын жан-жақты талқылау үшін Қырғызстанда конституциялық кеңес құрылды. Оның құрамына 89 адам кірді.

Еске салайық, 4 қазанда Қырғызстанда парламенттік сайлау өтті. Оның соңы наразылықтарға ұласып, президенттен бастап жоғары биліктегілер лауазымынан кетті. ОСК дауыс беру нәтижелерін жарамсыз деп таныды. Ал кезектен тыс президенттік сайлау 2021 жылғы 10 қаңтарға белгіленген.

stan.kz
27 қараша 2020 ж. 353 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 133

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930