Жаңа жыл туралы қызық 10 дерек
Жаңа жылды тойлау осыдан 3 мың жыл бұрын Месопотамияда басталған. Көне замандағы адамдар Мадрук құдай зұлымдық пен өлімді жеңді деп санаған. Сол себепті Месопотамия халқы жақсылықтың жамандықты жойғанына қуанып, бірнеше ай бойы тойлайды. Назарыңызға жаңа жыл туралы қызық деректерді ұсынамыз.
1. Ежелгі Грекияда Жаңа жыл жазғы күн тоқырауы – 22 маусымда тойланып, шарап құдайы Диониске арналған.
2. Жаңа жылда бәрімізге сыйлық тарататын Аяз ата шамамен 150 жыл бұрын пайда болған.
3. Ежелгі аңыздардың бірінде бұдан 5 мың жыл бұрын ғұндар Жаңа жыл мерекесін тойлағаны айтылады.
4. Мұрат Әджінің "Қыпшақтар" атты кітабында "Шыршалар мерекесі" деген тарау бар. Оның жазуынша, мереке ең басында құдайлар мен аруақтар мекені Жер шарының тура кіндігінде тіршілік еткен Жер-Судың (Иерсу) құрметіне арналыпты.
5. Шыршаны безендіру салты XVII ғасырда басталған. Алғашқы шырша Эльзаста безендірілген.
6. Шыршаның ойыншығы алғаш рет XVI ғасырда Саксонияда жасалған. Ал оны жаппай өндіру ХІХ ғасырда басталған.
7. Ежелгі Римде Жаңа жылды наурыз айында қарсы алған. Себебі дәл осы уақытта алғашқы егін жұмыстары басталатын болған.
8. Эскимостар Жаңа жылды алғашқы қар жауған күні қарсы алады.
9. 1843 жылы Лондонда ең алғашқы жаңа жылдық құттықтау хат дайындалған. Сол уақыттан бері тек Жаңа жылда ғана емес, әр мерекеде арнайы безендірілген құттықтау хат арқылы ізгі тілек жолдау дәстүрі қоғамға сіңіп кетті.
10. 1516 жылы Англияда Генрих VIII-нің үйінің есік алдына құрылған шырша алтыннан құйылған.
massaget.kz