» » ҚОҒАМ ДЕРТІМЕН КҮРЕСТЕ БІРІГУ КЕРЕК

ҚОҒАМ ДЕРТІМЕН КҮРЕСТЕ БІРІГУ КЕРЕК

Қазақстан тәуелсіздік алып, өз алдына егемен ел болғалы сыбайлас жемқорлықпен күресуді өзінің негізгі міндеттерінің біріне айналдырды. Олай болуы да заңдылық. Себебі Мәңгілік Ел болуды мұрат еткен мемлекеттің өз алдына қойған мақсаты да айқын болуы тиіс.

Сыбайлас жемқорлық белең алған салада қай уақытта да серпін болмасы сөзсіз. Ондай ортада істің ілгерілеуі қиындап, жұмыс тұралап қалады. Сондықтан қоғам дертімен күрес қай ортада болсын бірінші кезекке қойылуы заңдылық. Елбасы да Қазақстанда жемқорлықтың алдын алуға бағытталған күрес жалғаса беретінін айтқан болатын.
Расында, бұл індет соңғы жылдары қоғамның өзекті мәселесіне айналып отыр. Ол мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу бола отырып, болашағына кері әсерін тигізері сөзсіз. Жемқорлықтың алдын алуда еліміздің барлық аймағында жиындар мен кездесулер өтіп, тиісті органдар тарапынан бақылау да күшейді. Десе де дерт азаяр емес. Бұл тұста Ұлт көшбасшысы өзінің «100 нақты қадам - Ұлт Жоспарында» да сыбайлас жемқорлық мәселесін басым бағыттардың бірі ретінде көрсетті. Сондықтан, құлқынның қамын ойлағандардың теріс әрекеті ел дамуына кері әсерін тигізбеуі үшін дертке қарсы күресте жұдырықтай жұмылғанымыз жөн болады. Біз осы кеселмен күресу арқылы өскелең ұрпаққа да жемқорлықтың үлкен дерт екенін ұғындыра аламыз. Кейіңгі буынның мемлекеттің келешегі екенін ескерсек бұл шаралардың қарқын алуына жұмыс жасағанымыз абзал.
Жалпы қоғам дертімен күресті әр адам өзінен бастаса, тек елде ғана емес, Әлемде бұл кеселдің тамыры кеңге жайылуына жол берілмес еді. Өкінішке орай қарабастың қамын ойлап жаза басатындардың салдарынан біз үлкен шығынға ұшырап жатамыз. Жемқорлық ел экономикасының өркендеуіне, бәсекелік қабілеттің төмендеуіне, мемлекеттің халықаралық беделіне кері әсерін тигізетіндіктенәр қайсымыз осы елдің бір азаматы ретінде өзімізді алшақ ұстауымыз қажет.

Дастан БАХТИЯР,
аудандық қазынашылық басқармасы басшысының орынбасары
20 қаңтар 2021 ж. 2 568 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930