ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР АТҚАРЫЛУДА

Алдымен полиция және пробация бөлімінің қызметкерлерімен кездесіп, пробация аға инспекторы, әділет майоры Е.Асқаровтың баяндамасын тындады. Есептегі азаматтармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеу үшін нақты іс жоспарларды бекітті. Мәселен оларды жұмысқа орналастыру, кәсіп ашуға мүмкіндік жасау, ем қабылдау, психологиялық, әлеуметтік көмек алу мүмкіндіктерін үйлестіру қажеттігі баса айтылды. Одан соң Қызылорда облысы прокурорының орынбасары әділет аға кеңесшісі Д.Катаев пробациялық есепте тұрған азаматтардың тұрғылықты мекенжайына барып, жағдайларымен танысып, сұхбаттасты. Сотталғандарға қандай да заңдылықты түсінбеушіліктер болған жағдайда аудандық прокуратураға жүгінуге болатынын ескерттілді. Ал аудандағы пробация бөлімінің қызметкерлеріне есептегі азаматтарды үнемі бақылауда ұстап, қажетті көмек көрсету шараларын жүргізу жөнінде тапсырма жүктелді. Сонымен бірге аудандық прокуратура пробация қызметкерлерімен бірігіп жұмыс істеуінің нәтижесінде 2021 жылдың 1-ші айында қайталап қылмыс жасау дерегі орын алмағанын атап өтті.
Айта кету керек, қазіргі таңда аудан бойынша 47 азамат пробациялық бақылауда.