Мен саған есірткі жайлы айтып беремін
«Қызылорда ОІІД ЕҚҚІҚБ тарапынан
жарияланған сайысына»
Есірткі – қазіргі уақытта ғаламдық мәселелерінің бірі. Қазіргі таңда есірткінің зиянын біле тұра, оған қарсы шығуға дәрмені жетпейтін жастар көбейді. Тек жастар ғана емес, ересек кісілер де балаларына үлгі болудың орнына, өз ұрпағын улап жатыр. Есірткі ешқашан жақсылық әкелмейді. Оның адам денсаулығына тигізер зияны көп екенін тарқатып айтпаса да белгілі.
Жалпы есірткі деп жансыздандыру ерекшелігіне ие болатын заттарды айтамыз. Өйткені, оның құрамында адамды мастандыратын, ашуландыратын, тыныштандыратын, сергітетін қосындылар бар. Ғалымдардың зерттеуінше нашақорлықтың құрығына көбіне жасөспірімдер түседі екен. Содан соң олар есірткі сатып алуға қажет үлкен көлемді қаражатты оңай жолмен, яғни, ұрлықпен табуды көздейді. Ал «Ұрлық түбі – қорлық». Қай қоғамда да заңсыз ақша табуға ұмтылғандар түбінде жазасыз қалмайды. Сөйтіп, жасөспірімдер нашақорға айналып, есірткінің құлақкесті құлы болып шығады. Есірткіні қолданғаннан кейін бұзақылық жасау, қорлық көрсету тағы басқа жамандықтарға барады. Менің ойымша жасөспірімдердің бұлай өзгеруіне ең бірінші қоғам, екінші олардың жақындары кінәлі. Уақыт шіркін тоқтаусыз өтіп жатыр. Әр адам сол уақыт көшінен қалмау үшін күйбең тіршіліктің соңында жүр. Баласының болашағын жарқын еткісі келген ата-ана таң атқаннан, кешке дейін жұмыста жүреді де баламен байланысын үзіп алады. Бұл жерде бала тек ата-ана тәрбиесінен ғана шет қалмайды, сол ата-ананың мейірімінен де кенде қалады. Ал ата-ана мейіріміне зәру болып өскен балада тасбауыр мінез қалыптасады, ондай мінез түбінде жақсылыққа апармайды. Міне, кейбір оқушының жаман жолға түсуінің бірден-бір себебі осы болса керек.
Есірткіге берілмес үшін салауатты өмір салтын ұстану керек. Салауатты өмір сүру дегеніміз – тазалық сақтап, дене тәрбиесі және спортпен шұғылдану. Қазақ халқы «тәрбие басы – тал бесік» деп бекер айтпаса керек. Жат қылықтарға қарсы тәрбиені отбасы ошақ қасынан бастаған жөн. Сондықтан әр отбасы сыйластық пен бірлікте, өзара түсіністікте күн кешіп, әр ата-ана жұмысынан, қызметінен бала тәрбиесін жоғары қойса, болашағымыздың да жарқын болары сөзсіз. Сөз соңында достарыма егемен еліміздің болашағы біздер екенімізді айтқым келеді. Есірткіден бойымызды аулақ ұстап, салауатты өмір салтын ұстанайық.
Серік Мағжан
Әл-Фараби атындағы №201 мектеп-лицейдің
9-сынып оқушысы