МЕН САҒАН ЕСІРТКІ ЖАЙЛЫ АЙТЫП БЕРЕМІН...
Есірткі – қоғамда жыл сайын тоқтатуға мүмкін емес болып көрінетін дерт. Сол бір ащы қоспа – сенің тәніңді улап ғана қоймай, ақыл-ойыңды бұғаттайтын, болашағыңды бұлыңғыр ететін дүние. Есірткіні қабылдау ағзадағы түрлі өзгерістерге әкеледі. Оның құрамында біз білмейтін сан алуан қоспалар ішкі ағзаның, сонымен қатар орталық жүйке жүйесінің қызметін бұзатыны жайлы қаншалықты білесіз? Есірткіні кім және не үшін пайдалануы мүмкін?
Есірткіні ең алғаш адам қызығушылықтың арбауына түсіп, ләззат сезімді сезіну үшін пайдаланады. Сізге бірінші рет есірткіні тегін, яғни дәмін татып көру үшін беруі әбден мүмкін. Алайда бір рет қолданып көрген соң сені не күтіп тұрғанын елестете алмайсыз. Бірнеше мәрте қолданған тұлғада есірткіге деген тәуелділік оның ерік-жігерімен денсаулығын өшіреді.
Адам ағзасы тым қатты есірткіге тәуелді болып, күннен-күнге оның қабылдау дозасын арттырғанын қалап тұрады. Егер тұлға көпке дейін есірткіні қабылдамаған жағдайда нашақорларда дененің дірілдеуі, шамадан тыс терлеу және жүрек айнуы сынды белгілер пайда болады.
Бүкіл ғалам шулап, талқыға салатын “Есірткінің қандай зияны бар?” деп ойланып көрдіңіз бе? Біріншіден, ағза өте әлсіз және түрлі ауруға душар болып, күресуге шамасы жетпей құлдырайды. Өкпенің қызметі мен қанның құрамы өзгереді. Екіншіден, спирттік ішімдіккке қарағанда жалпы тұлғаның деградациясы 20 есе тез болады. Үшіншіден, нашақорлар қылмысқа бейім болып келеді. Себебі қалаған күнделікті дозасын алып, жан рахатын сезіну үшін кейде зорлық-зомбылыққа баруға тура келеді.
XXI ғасыр дерті болған бұл есірткіні өмірінде қиыншылық туындаған уақытта, сол бір қиын күнді ұмыту үшін пайдалануы әбден мүмкін. Алайда, досым, жаңылысып шалыс баспаңыз.
Есіңізде болсын, есірткіні пайдаланған уақытта сіз:
1) Жақыңызға деген сенімділіктен толықтай айырыласыз;
2) Дені сау ұрпақтың дүниеге келуі жайлы ұмытуға тура келеді;
3) Ертелі-кеш өзіңізге де ешкімнің керегі жоқтай сезінетін боласыз. Ал мұндай өмір жайлы сіз ойландыңыз ба?..
Сондықтан асықпай ойланып, шешімді дұрыс қабылдау сіздің қолыңызда.
“Ең қиын күрес – ол өз-өзіңмен күрес” демекші барлығы өз қолыңызда, ерік-жігеріңіз бен ақылыңызды тыңдап, дер кезінде болшағыңды құтқаруға тырысыңыз. Ол сіздің қолыңыздан келеді.
Есірткіге жоқ деп айтудың 5 себебі:
1) Есірткі сіздің отбасыңызды бұзады;
2) Есірткі сізге уақытша ләззат сыйлай алады;
3) Есірткі сізді түрлі ауруларға душар етеді;
4) Есірткі сізді қоғамға әлсіз етіп көрсетеді;
5) Есірткі сізді қылмысқа, зорлық-зомбылыққа итереді;
Қорытындылай келе, әрбір адам баласы – қайталанбас дара тұлға. Алайда тұлға болып қалыптасу, қоғамнан ойып тұрып орын алу, болашағын жарқын ету кез келген адамның қолынан келе бермейді. Сол себепті қазірден бастап әрбір қадамды нық басыныз. Бір сәт болсын өзіңізден келер ұрпаққа қандай үлгі-өнеге қалдыратыңыз жайлы, сол ұрпақты қандай жолға жетелейтініңізді ойлаңыз.
ОПД ЕҚҚІҚБ
тарапынан жарияланған сайысқа
#УПНДПКЗО
Айдана ДӘУРЕН,
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің
Экономика және құқық институтының 3 курс студенті
тарапынан жарияланған сайысқа
#УПНДПКЗО
Айдана ДӘУРЕН,
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің
Экономика және құқық институтының 3 курс студенті