МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІНІҢ ӘДЕБІ
Әдеп кодексі – мемлекеттік қызметшілердің эмиджін арттыруға, этикалық нормаларды сақтауға үндейді. Әдеп кодексіне сәйкес мемлекеттік қызметшілер этика талаптарын сақтауға міндетті. Сондықтан олардың бойынан коммуникативтiлiк, ұйымдастырушылық, ұжыммен бiрлесе жұмыс жасай бiлу, мақсатты дұрыс анықтап, алдағыны болжау сияқты стратегиялық және логикалық қасиеттер табылуы қажет.
Жалпы, мемлекеттік қызметшілердің сырт келбеті олардың қызметтік міндеттерін орындау кезінде мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға ықпал етуге, іскерлікпен, ұстамдылықпен және ұқыптылықпен ерекшеленетін жалпы қабылданған іскерлік талаптарына сай болуға тиіс. Халыққа мемлекеттік қызмет көрсетушілер жұмыс уақытынан бөлек, бос уақытында да әдеп кодексiн ұстануы мiндеттi. Оның iшiнде қызметкердiң сыпайы, адал, сабырлы, салмақты, ұқыпты болуы және кез келген ортада өзiн iскерлiк стильге сай ресми түрде ұстауы мiндеттелген. Сондай-ақ, мемлекеттiк қызметшi елiмiздегi тiлдерге, салт-дәстүрлерге сыйластықпен қарап, әдiл де заңды шешiмдер қабылдауы, жалған ақпар таратпауы, сын айтқаны үшiн бiреудi қудаламауы және мемлекет меншiгiн тек қызмет бабында пайдалануы қажет.
Мұнан бөлек мемлекеттiк қызметшi жемқорлық фактiсiне қатысты, тiптi, есiмiнiң аталуына жол бермеуi, қол астындағыларды кемсiтпеуi және қызметкерлердiң барлығына құрметпен қарауы қажет.
Ғазиз АРУНОВ,
аудандық қазынашылық басқармасының бас маман-бас қазынашысы