Ажырасуға асықпаңыз...
Заман дамыған сайын адамдардың, жалпы қоғамның көзқарасы, адамдармен қарым-қатынас этикасы өзгерді. Ащы да болса, бұл – шындық. Себебі, заманға сай адам психологиясы да сан құбылып отырады. Бұрын отбасы құндылығын алғашқы орынға қоятын халық едік. Енді, міне, менталитет өзгерді. Бұл бізге қажет пе, жоқ па – өзіңіз бағамдай беріңіз.Заман дамыған сайын адамдардың, жалпы қоғамның көзқарасы, адамдармен қарым-қатынас этикасы өзгерді. Ащы да болса, бұл – шындық. Себебі, заманға сай адам психологиясы да сан құбылып отырады. Бұрын отбасы құндылығын алғашқы орынға қоятын халық едік. Енді, міне, менталитет өзгерді. Бұл бізге қажет пе, жоқ па – өзіңіз бағамдай беріңіз.Заман дамыған сайын адамдардың, жалпы қоғамның көзқарасы, адамдармен қарым-қатынас этикасы өзгерді. Ащы да болса, бұл – шындық. Себебі, заманға сай адам психологиясы да сан құбылып отырады. Бұрын отбасы құндылығын алғашқы орынға қоятын халық едік. Енді, міне, менталитет өзгерді. Бұл бізге қажет пе, жоқ па – өзіңіз бағамдай беріңіз.
Ресми дерек бойынша өршіп тұрған даулардың көпшілігі неке бұзу мен алимент өндіру. Оған дәлел қазіргі кезде сотқа түскен арыздың басым көпшілігі осы мәселе төңірегінде болып отыр. Осының алдын алуға бағытталған отбасылық сот кеңесі құрылып, азаматтық дау-дамайларды шешіп, істі сотқа жеткізбей өзара әрекет етуге тырысып келеді.
Соттың міндеті қара қылды қақ жара отырып, заң жүзінде кінәліні жазалау болса, отбасылық сот кеңесінің мақсаты екі жақты татуластырып, азаматтардың мүдделерін аяққа таптамай, керісінше қостараптың да ақ батасын алатындай дәрежеде жұмыс жасауды көздейді. Біз көбіне сотқа арызын арқалап келген жас жұбайлардың райынан қайтаруға тырысамыз. Мақсат – отбасын сақтап қалу. Егер, алған бетінен қайтпаса, әрине арызы тіркеледі, заң аясында некесі бұзылады.
Танымал американдық әлеуметтанушы әрі психолог Констанция Аронс әлемде әрбір 13 секунд сайын бір отбасы ажырасатынын дәлелдеген. Бір ғана АҚШ-тың өзінде жыл сайын 1 000 000 шаңырақ шайқалады екен. Біздің елімізде де отау құрған жастардың үштен бірі ажырасып тынатын көрінеді. Осылайша ажырасу әлеуметтік проблемаға айналып үлгерді. Ол – күйзеліс, уайым. Ақпарат көздеріне сүйенсек, Еуропа елдерінің ішінде ажырасу коэффициенті жоғары Бельгия, Португалия, Венгрия елдері болса, Ислам дінін ұстанатын елдердің арасында Қазақстанның ажырасу коэффициенті бәрінен жоғары делінген.
Қазіргі басты мәселе – ажырасу факторын болғызбау. Сөйтіп, екеуара қарым-қатынасты шарықтау шегіне дейін жеткізбеу. Өйткені, некенің бұзылуы – отбасының ойрандалуы, шаңырақтың ортаға түсуі, балалардың әкесіз не анасыз қалуы. Түптің түбінде, еш кінәсі жоқ сәбилердің «тірі жетім» атануы. Әрине, жас отбасының қиындығы көп болары анық. Бірақ, ондай кезең кез келген отбасының басында болды, бола да береді. Ертеңге деген үміт оты өшпегені жөн. «Себепсіз салдар болмайтыны» да шын. Сот келген мәліметтердің өзі көрсеткендей, ажырасудың көп тараған себептері – тұрмыстық зомбылық, ерлі-зайыптылардың бірінің ішімдікке салынуы не жұмыссыз қалуы, жұбайлардың өмірлік көзқарастарының сәйкес келмеуі, көзге шөп салу, материалдық қиындықтар, перзент сүйе алмау тағысын тағы осы секілді проблемаларды алға тартатындар басым.
Ал ажырасқан еркектердің әйелдерге қарағанда қайта некеге тұру мүмкіндігі жоғары екеніне қарамастан, көбінесе жалғыз қалып қояды. Сонымен қатар, балалы әйелдерге де тез арада тұрмысқа шығу оңай емес. Өйткені, ол өзіне жар ғана емес, баласына әке іздейді. Өмірде түрлі жағдай орын алатындықтан, ажырасуды мүлде болғызбау мүмкін емес, әрине. Сонда да соңғы шешім қабылдар сәтте балаңның болашағына тағы бір үңілген дұрыс.
Жалпы, статистикалық мәліметтерге сай Қазақстандағы әрбiр үшiншi неке бұзылуға бейiм екен. Әріге бармай-ақ, өзіміздің өңірдегі көрсеткішке көз жүгіртсек. Мәселен, жылдың басталғаны кеше болғанымен аудандық сотқа 7 арыз түсті. Барлығы некені бұзуға өтініш білдіргендер. Тіпті, олардың басым көпшілігі сот залында ойлануға, татуласуға уақыт та сұрамайтын болып шықты. Сөйтіп, жас-жұбайлардың талап-арыздары заң жүзінде қанағаттандырылды. Мұндай көрсеткіш қорқынышты әрине. Бірақ, бұл – бұлтартпас шындық, факті. Отбасын сақтап қалуға кеңес беріп, осы айда медиация тәртібімен бір отбасын татуластырдық. Осылайша неке бұзуға өтініш білдіруге келген әрбір жас-жұбайларды райынан қайтаруға тырысамыз. Нәтижесінде ызаға булыққан быраз жастар былтыр өз арыздарын алып, отбасын сақтап қалды.
Ата-анасының мұндай қадамға баруы балаларының психологиясына әсер етпей қоймайтыны сөзсіз. Мойнына келіп асылатын қылығы балдай балаларынан тірілей айырылатын әкелер көбеймесе, азаймай отыр бүгінгі қоғамда. Ал жат жұрттық қыздарымыздың төркінін қайта паналауы да қазақы тәрбиеден алыстап бара жатқанымызды көрсетуде. Бұрын қазақта бұл мәселені ағайын-туысқан, ел-жұрт болып салмақтап, кем-кетікті түзеп отырған. Тәжірибесі аз жастарға ақыл қосып, жас шаңырақты сақтап қалған. Ал қазіргі кезде ажырасу ісін тек сотпен бітіргісі келеді. Әрине, біз де заң жүзінде тиісті шешім шығарып береміз. Дей тұрғанмен арызданған екі тарап та отбасын сақтап, ең құрығанда баланың болашағын ойлауы керек. Жалпы, «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дейді дана халқымыз. Жас отбасының түтіні түзу шығып, махаббат пен татулық, береке-бірлік орнаған жылы жанұяға айналуы, сондай-ақ босағасы берік, керегесі кең, болашағы нұрлы болуы көбіне жас жұбайлардың үйінде алған тәрбиесі, көрген өнегесіне байланысты.
Иә, біздің менталитетімізде отбасы құндылықтарын бірінші орынға қою, жанұя ұйытқысын сақтап, ата-баба дәстүрі мен салты бойынша өркениетке көш түзеу. Бірақ, кей жастарымыздың мұндай қастерлі құндылықтың қадіріне жетпей жүргені қынжылтады.
Қорыта айтқанда, жастар ұсақ-түйек қиындыққа төзе алмай, екіге бөлінеді. Ерлі-зайыптылардың ажырасуының зардабын ең алдымен ортадағы бала тартады. Мұндай жағдайда баланың психикасы бұзылады. Бала тәрбиесінде әкенің де, шешенің де орны бөлек. «Үйлену оңай, үй болу қиын» дегенді бабаларымыз текке айтпаған және бұл сөздің астарында терең философиялық ой жатыр. Ажырасу – әрбір шаңырақ үшін қасірет. Сондықтан, ажырасуға асықпайық!

Т.Қ.ТЕМІРБАЕВ,
Жалағаш аудандық сотының төраға міндетін атқарушы