» » Қазақстанда сотталғандарға коронавирусқа қарсы вакцина егу басталды

Қазақстанда сотталғандарға коронавирусқа қарсы вакцина егу басталды

Егілетін адам өз еркімен келісімге немесе егуді жүргізуден бас тартуға қол қояды.


Елімізде түрмеде жазасын өтеушілерге COVID-19 індетіне қарсы екпе салу науқаны басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация басталды. Егу іс-шараларын ҚАЖ-дың барлық аумақтық департаменттерінде жүргізу жоспарлануда", - делінген комитет хабарламасында.

1 ақпаннан бастап Қазақстанда "Спутник V" вакцинасын пайдалана отырып, халықты коронавирустық инфекцияға қарсы жаппай вакцинациялау басталды. ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 27 қаңтардағы № 3 қаулысына сәйкес жұқтыру қаупі жоғары, әсіресе вирус жұқтыруға және оның таралуына бейім адамдардың тізімі анықталды.

"Қазіргі уақытта осы науқанды халықтың тіркелу тізілімі шеңберінде ҚАЖ мекемелерінде ұсталатын жұқтыру қаупі басым тобы арасында өткізу мәселесі пысықталуда. Егуді енгізу бойынша алғашқы мекеме астаналық қоныс-колониясы, яғни Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖД ЕЦ-166/10 мекемесі болды. Вакцинация жұмыстары 9 наурызда басталды, осы кезеңде 100-ге жуық сотталғанға вакцинация сәтті жүргізілді, 60 адам препаратты қабылдаудан бас тартты", - делінген ресми мәліметте.

Комитеттің хабарлауынша, бұған дейін Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл және Қызылорда облыстарының ҚАЖ жеке құрамы вакцинациядан өтті, қалған ҚАЖ департаменттері вакциналауды өткізу кестесіне сәйкес вакцинаны алады. Егілетін адам өз еркімен келісімге немесе егуді жүргізуден бас тартуға қол қояды. Процедура 21 күндік аралықта 2 кезеңнен тұрады.

"COVID-19-ға қарсы вакцинация жүргізу алдында міндетті түрде егілетін адамды медициналық қызметкер қарайды, міндетті түрде термометрия жүргізіледі және егілетін адамда аллергиялық реакциялардың, созылмалы аурулардың болуына әңгімелесу жүргізіледі. Жіті инфекциялық және инфекциялық емес аурулар болған жағдайда үдемелі созылмалы аурулары және аллергиялық реакциялары бар науқастарға вакцинация жасалмайды. Егілген адамдар 30 минут бойы медициналық бөлімде бақылауда болады. Медицина қызметкерлері мен ҚАЖ қызметкерлерін вакцинациялау Полиция департаменттерінің емханаларында, күдіктілерді, айыпталушылар мен сотталғандарды вакцинациялау пенитенциарлық жүйе мекемелерінің медициналық бөлімдерінде жүзеге асырылады", - деп хабарланған.

Ведомствоның мәліметіне сәйкес, елімізде барлығы 80 мекеме жұмыс істейді, онда ұсталатындардың саны шамамен 32 мың адамды құрайды.




16 наурыз 2021 ж. 692 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930