» » «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ЖАЛАҒАШ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ КЕЗЕКТІ XХVIII ЕСЕП-БЕРУ САЙЛАУ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ЖАЛАҒАШ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ КЕЗЕКТІ XХVIII ЕСЕП-БЕРУ САЙЛАУ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

 «Nur Otan» партиясы Жалағаш аудандық филиалының кезекті XХVIII есеп-беру сайлау конференциясы болып өтті. Пандемия жағдайына байланысты онлайн және офлайн форматта өткен конференция жұмысына аудандық мәслихат депутаттары, Саяси кеңесінің мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары және бұқаралық ақпарат құралдарыныӊ өкілдері қатысты.

«Nur Otan» партиясы Жалағаш аудандық филиалының төрағасы Асылбек Өмірбекұлының төрағалығымен өткен жиынға күн тәртіптері келесі мәселелер қойылды:
1. «Nur Otan» партиясы Жалағаш аудандық филиалының Саяси кеңесінің 2019-2020 жылдары атқарған жұмыстары туралы есебі;
2. «Nur Otan» партиясы Жалағаш аудандық филиалы Саяси кеңесінің және Саяси кеңес Бюро мүшелерінің құрамына өзгерістер енгізу;
3. «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалының кезекті XXVIII (28-ші) есеп беру-сайлау конференциясына делегаттар сайлау сынды мәселелер қаралды:
«Nur Otan» партиясы Жалағаш аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұстафаева Қаншагүл Шоңмұрынқызы күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша есеп беріп өтті. Өткен 2019 - 2020 жылдары атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті. 
Партия жұмысын алға ілерілетту және мақсат-міндеттерін орындауда есептік мерзім партия филиалының Саяси кеңесің ұйымдастыруымен 400-ден аса іс-шаралар ұйымдастырылды. Таратып айтар болсақ:«Кедергісіз келешек» п/ж аясында - 65, «Бақытты отбасы п/ж аясында  – 38, 
«Жастар-Отанға!» п/ж аясында - 42, «Ардагерлерді ардақтайық» п/ж аясында - 51, «Халыққа көмек» п/ж аясында – 35, «Менің Туым, Менің Отаным» республикалық акциясы аясында – 8, «Қоғамдық қабылдаулар – 58,«Рухани жаңғыру-жастарға арналған жол» - 4, «Сыбайлас жемқорлықсыз ел» - 12 шара жоспарланып, өткізілді. Аталған жобалар аясында семинар-тренингтер, акциялар, қайырымдылық шаралары, байқаулар, кездесулер болып өтті.
Жұртшылықпен арадағы үздіксіз байланысты қамтамасыз ететін бірден-бір көпір ол партия филиалының Қоғамдық қабылдау бөлмесі. Елімізде төтенше жағдай жарияланған уақыттан бастап қоғамдық қабылдау бөлмесіне барлығы  892 өтініш онлайн форматта тіркелді. Аталған өтініштердің 80% тауып, қалған 20 % өтінішке қолданыстағы заң негізінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жалпы қоғамдық қабылдау бөлмесі 2019 жылға қарағанда 2020 жылы 3 есеге тұрғындардың өтініштерін қараған.Бұл дегеніміз халықтың партияға деген сенімділігінің артқанын білдіреді.
Аудан көлемінде аз қамтылған тұрғындарға БПҰ мүшелерін, кәсіпкерлер, партия жақтастарын және белсенді партия мүшелерін ұйымдастыра отырып азық-түліктей және киім-кешектей көмек жолдары көрсетілді. Атап айтар болсақ, 20 млн теңге көлемінде 1500-нан аса отбасыға азық-түлік корзиналары таратылды.

      «Nur Otan» партиясы Жалағаш аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық мәслихат депутаты Қ.Мұстафаеваның ұйымдастыруымен Жалағаш аудандық ауруханасының Мәдениет ауылдық округінде орналасқан бөлімшесіндегі дәрігерлерге қолайлы жағдай жасау мақсатында көмек ретінде автомат кір жуатын машина, қысқа толқынды пеш, жаңадан су соратын сорғы (насос) қондырғысы, ИВЛ аппараттар, дәрігерлердің тамағын дайындайтын аспазшы және  оның еңбек ақысы мәселесі шешілді. Аталмыш көмектер белсенді партия мүшелерінің арқасында жүзеге асты.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған "Birgemiz" қорынан 50 мың теңге бір жолғы қаржылай көмекті біздің ауданымыздан 1464 аса мұқтаж отбасылар алды.

«Nur Otan» партиясы Жалағаш аудандық филиалының партиялық бақылау комиссиясы мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелері 14 ауылдық округті аралап, санитарлық талапты сақтау жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, тұрғындарға бетперделер мен антисептиктер таратты. Аудан тұрғындары арасында қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету мақсатында қойылған тосқауыл бекеттеріне күнделікті мониторинг жұмыстарын жүргізіп отырды. Тосқауыл бекетіндегі тәртіп сақшылары мен ақ халатты дәрігерлерге кешкі және түскі астары ұйымдастырылды.

2020 жылдың 17 тамызында бастау алған Праймериз жұмыстары 04 қазан күні өз мәресіне жетті. Праймериз жұмыстарына қатысуға 54 кандидат өтініш білдіріп, 3076 партия мүшесі дауыс беруге қатысты. Ауданымыз бойынша дауыс беруге партия мүшелерінің 97 пайызы қатысып, облыс көлемінде оқ бойы озық тұрды.
Барлығы 54 кандидат қатысқан партияішілік іріктеуде 24 кандидат оза шығып, партиялық тізіммен ұсыналатын ҚР Парламенті мәжілісінің депутаттары мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлауда «Nur Otan» партиясы атынан ұсынылды.
«Nur Otan» партиясы аудандық филиалы Саяси кеңесінің есепті мерзімде атқарған жұмыстарының біршамасы атап өткен Қаншагүл Шоңмұрынқызы, алдағы міндеттерін де атап өтті. 

Қазіргі уақытта  аудандық партия филиалы жанынан          7 қоғамдық кеңес құрылып, «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір» атты «Nur Otan» партиясы Жалағаш ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасын іске асыру Жол картасының орындалуы тұрғысында жұмыстар атқаратын болады. Ауданымызды көркейту, көгалдандыру мақсатында зерделеу, зерттеу жұмыстарын жүргізіледі. Партия мүшелерінің   сандық, сапалық құрамын арттыру міндеттерін алға қоятынын айтып, баяндамасын қорытындылады.
30 сәуір 2021 ж. 598 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930