Неге кітап көп, оқырман аз?
Осындайда «Болыс болдым мінекей, бар малымды шығындап...» деген Абай дананың мысқыл үлгісінде жазылған өлеңі ойға оралады. Шынында қазір кітап шығарып, жазушы атанудан алдымызға жан салмай тұрмыз. Кезінде құндылықтың шырқау шыңына баланған, мұқабасы көркем безендірілмеген қарапайым дүниеден өзіміздің жан дүниемізді рухани нәрлендіріп, ерекше ләззат алатынбыз. Оны құрбыларымызбен талқыға салып, ерекше жерлерін қойын дәптерімізге ерінбей көшіріп жазып алатынбыз. Қадыр Мырзалиевтің, Мұхтар Шахановтың, Фариза Оңғарсынованың, Күләш Ахметованың өлеңдерін жаттап, жиын-тойда жарыса айтатынбыз. Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар», Сәбит Мұқановтың «Ботагөз», Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым – Қожа» кітаптары қолдан-қолға тимей, мұқабасы тозатын. Қазір кітаптың мұқабасы тозбақ түгіл, парағы ашылмайды десек, қателеспейтін шығармыз.
Бүгінде бәсекелесіп кітап жазып, өз әулетінің немесе жеке адамның отбасылық өмірін паш ететін кітапқа сөреміз толып үлгерді. Мерейтойға арналып жасалған кітаптың жартысынан көбі сурет, ішінде тәрбиелік дүниелер жоқтың қасы. Ал психологтардың жарнамасы жер жаратын кітабы заңғар жазушылар мен классик тұлғалардың кітабын шетке ысырып тастауда. Қазір көпшілік қалай баюдың, жетістікке жетудің қыр-сыры жайлы арзанқол дүниеге құмартып барады.
Кейбір өзін жазушыға теңестірген ағаларымыз өмірбаян төңірегінде бірнеше кітап жазып, Жазушылар одағына мүшелікке өтуге күш салып жатады. Бүгінде әнші биші, эстрада жұлдыздары да жазушымен шендескісі келеді. Оны өздері жазса жақсы ғой. Оның авторы өзге кісі. Ал ішіндегі пунктуациялық, синтаксистік қатеден көз сүрінеді.
Бірақ дизайнына көп күш жұмсағаны көрініп-ақ тұрады. Сондай бір дүниені қолыма алып, ерінбей парақтап шықтым. Әуелі соңғы бетін ашып, таралым санын қарадым. 200-250 бет көлемінде ғана жарық көріпті. Оның жартысын автор отбасылық суреттер мен той-жиындарда бас қосқан жора-жолдастарының фотоларымен толтырыпты. Одан соң қалай ержеткені, қайда оқығаны, кімдермен сыйласқаны түгел қамтылған. Сонымен кітап тәмәм. Бойды кернеген бұла жазушылық талант болса, өміріндегі елеулі сәтті неге қағаз бетіне түсірмеске? Оған риза болып, тұщынып оқып мейірің қанып шығады. Тіпті қазақтың танымал әншісі Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Абдукаримова да кітап шығарып тастаған. Бұл бәсекелестік па, әлде ақша көп болған соң даңқыңды асыру ма? Міне, қызық! Сонда бұл сұраныс па, әлде, "Қолдан келсе, қонышыңнан бастың” кері ме?
"Әдебиет деген – дерт. Бойында таланты бар адам жазбай тұра алмайды. Оның кітап болып шығу-шықпауы екінші мәселе. Ал жаппай кітап жазғыштар, соңғы кездегі кітапсымақтар ағайындарына, туыс-туғандарына «мен де кітап жазамын, кітабым бар» деген қазақы мақтану үшін ғана шығарып жүр"... Бұл – аталған тақырып төңірегінде пікір білдірген жас актер Олжас Амановтың сөзі.
Менің өзімнің көзбен көрген оқиғамды айта кетейін. Бір кітап шығарудан алдына жан салмайтын сыйласып жүрген үлкен кісі бар. «Мына кітапты баспаға дайындап жүр едім, көріп, қатесі болса, жөндеп берерсің» деп өтініш айтты. Енді қолға қалам ұстап жүрген соң ақпейіл ағаның меселін қайтармайын деп «Жарайды аға, көрейін» деп келісе кеттім. Бір күні қолым бостау кезде әлгіні қарасам, сөздегі әріп қатесі, тыныс белгі қатесін былай қойғанда, сөйлемнің байланысуы, көркемдігі сын көтермейді. Кітап екі адамның монологынан құрылып, ауызекі сөйлеу тілімен жазылған. Шынын айтқанда, кітапты өзім қайта жазып шыққандай қиналғаным бар. Одан оқырманның қажетіне жарайтын, өміріне азық етер дым таппайсыз. Мен кездескен тағы бір жағдайды айтайын. Бір көңіл жықпас ұстаздық қызмет жасаған апайымыз бар болатын. Сол кісі де аяқастынан кітап жазатын болды. Құдайға шүкір қаржы жеткілікті, балдары бизнесмен. Ойлаған дүниесі жылдам жарыққа шықты. Бір данасы қолыма тиді. Қарап соңғы бетіне келгенде 1 арнау өлең жазылыпты. Соған еріксіз көзім түсті. Онда ұзын сонар шұбыртпалы ұйқаспен өзінің туған келінін жамандап жазғанын оқып, аза бойым қаза болды. Ашуланған кезде өлең кітапқа шығып кеткен. Кейін сол анамыз өз әрекетіне өкініп, кітапты алған туыстарына соңғы парағын жыртып тастауды өтініп жүргені есімде. Міне, қараңызшы, кітап дегенің көз алдыңда арзан дүние болып, әркімнің қолжаулығына айналғаны батады жаныңа.
Бұрын ше? Аға буын өкілдерінің айтуынша, Кеңес үкіметі тұсында поэзия кітабы 30 мың, проза 60 мың, тіпті «Көшпенділер» 100 мың данамен шыққан. Кітапхана аралап жүріп, бұл санның растығына өзіміздің де көзіміз жетті. Ол уақытта «Жазушы», «Қайнар», «Қазақстан», «Мектеп» сынды бар-жоғы бес-алты баспа қызмет жасаса да, есесіне електен өткен сапалы дүниелер басылып шығушы еді. Ал бүгінде не көп, жеке баспахана көп, кітап та, автор да көп,
Дәулеткерей Кәпұлы,
ақын:
Зейнеткерлікке шыққан, таланты бар, бірақ кітап жазуға қолы тимеген ағайындарда көбейіп кетті. Әрине отбасына, әулетіне естелік ретінде қалдыруға болады. Бірақ көркем әдебиет ретінде ұсынуға болмайды және 5-6 кітап жазып тастап, мені жазушылар одағына мүшелікке ал деп қинайтындар бар.
Рауан Аманова,
студент:
Біздің қазаққа біреудің өмірі қызық. Жеке бастың әңгімесі қызық. Біздің жұлдыздардың Баян Есентаева, Ләйлә Сұлтанқызының, тағы кім, Айнұр Тұрсынбаеваның бір кітабын да оқып көрмедім. Бір екі әңгімесін тыңдадым, маған аса қызық емес. Жалпы бізді тобырлық сана билеп бара ма деп ойлаймын.
Иә, шынында бүгінде қаптаған кітап та, белсенді жазушы да көп. Бірақ оқырман аз. Себебі саңырауқұлақтай самсаған саны бар да сапасы жоқ дүниелер оқырманның жүрегіне жол таппайды. Кітаптың бетінде мін жоқ, ішінде дым жоқ. Міне, кілтипан осында.

Г. ҚОЖАХМЕТОВА