» » МОДЕЛЬДІ КІТАПХАНА АШЫЛДЫ

МОДЕЛЬДІ КІТАПХАНА АШЫЛДЫ


Оқырмандардың рухани қазынасы кітапқа деген талап-тілегі мен сұранысын қанағаттандыруды күннен-күнге жақсарта беру – уақыт талабы.
Кітап рухани азық болатын адамның бірден-бір серігі екені айтпаса да белгілі. Қашанда ой-өрісіңді, сана-сезіміңді дамыту үшін кітаптың рөлі адам өмірінде ерекше. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында аудан көлемінде айтулы шаралар жалғасын табуда. Соның ішінде, елді мекендер мен кент орталығында оқырмандарға қызмет ететін кітапханалар жүйесі бір жолға қойылған. Осы орайда жақында аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйе­сіне қарасты М.Шәменов, Т.Жүргенов, Жаңа­дария ауылдық кітапханалары модель­ді кітапхана болып ашылды. Шараға ауыл ардагерлері, аудандық орталық кітап­хана қызметкерлері қатысты.
Шарада сөз алған ауылдық кітапхананың белсенді оқырмандары кітапхана ұжымы­ның жұмысына табыс тілеп, ауыл ардагер­лері жаңа ақпараттық технологиямен жабдық­талған модельді кітапхананың лентасын қиды.

«ЖЖ» ақпарат.
09 қаңтар 2019 ж. 1 309 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 129

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930