» » » Ауылдарда Модельді кітапхана ашылды

Ауылдарда Модельді кітапхана ашылды


ХХІ-ғасыр — руханият, мәдениет, ақпарат ғасыры. Қай қоғамның да тұрақты дамуында мәдениеттің алар орны зор екенін алға тартсақ, біздің рухани-мәдени тынысымыздың өзекті мәселелерінің бірі- кітапхана. Оқырмандардың рухани қазынасы кітапқа деген талап-тілегі мен сұранысын қанағаттандыруды күннен-күнге жақсарта беру- уақыт талабы . Жас ұрпақты тәрбиелеуде кітапхананың орны ерекше. Мәдени, рухани, ақпараттық білім беру орталығы саналатын ауыл кітапханасы заман талабына сай жаңаша жабдықталатын орын. Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Шәменов, Жүргенов, Жаңадария ауылдық кітапханалары модельді кітапхана болып ашылды. Модельді кітапхана – оқырмандарға кітапханалық қызмет көрсетуді жоғары сатыға көтеретін жаңа технологиямен жабдықталған кітапхана. Кітапханалардың жаңаруы – өскелең ұрпақтың болашағына, оның білім- алып, сауат ашуына мүмкіндік береді.

Раушан ҚАЛИЕВА,
аудандық кітапхана қызметкері.
                                                                                  
03 қаңтар 2019 ж. 913 0