24 сағат жұмыс істейтін кітапхана ашылды
«Назарбаев Университеттің кітапханасында 400 адамға арналған тәулік бойы жұмыс істейтін 4 зал ашылды. Бұл туралы Егемен Қазақстан жазды.
Жаңадан іске қосылған залдардың жалпы ауданы 10 000 шаршы метрден асады. Инфрақұрылымға жаңа компьютерлік бөлмелер, мультимедиалық кабинеттер, топтық және жеке оқу сыныптары, инклюзивті білім беру жабдықтары, конференция залдары, демалуы бөлмесі, аудио-визуалды студия мен балалар бөлмесі кіреді.
«Назарбаев университет» кітапханасының библиографиялық-ақпараттық қызметінің басшысы Мадина Қайратбекқызының айтуынша, кітапханада бұған дейін оқырмандар үшін 2 зал ғана жұмыс істеген. Енді кітапхананың ауқымы тағы 4 залмен толығып отыр.

«Science, Astana, Aliya, Quiet деп аталатын жаңа залдар іске қосылды. Студенттеріміздің осындай қосымша мүмкіндіктерге ие болғанына қуаныштымыз. Олар бұрынғыдай кітапханашылардың жұмыс істеу уақытына тәуелді болмай, енді 24 сағат бойы оқу залдарының барлық мүмкіндіктерін пайдалана алады. Студенттер қауымдастығы тарапынан тәулік бойы жұмыс істейтін арнайы залдар болса деген ұсыныстар түсті. Басшылар жас ғалымдардың бұл бастамасын қолдап, нәтижесінде осындай жетістікке жетіп отырмыз. Біз Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясына сәйкес қазақстандық кітапханашылардың біліктілігін арттырып, кәсіби кітапханашылардың қауымдастығын құрудамыз», - деді Мәдина Қайратбекқызы салтанатты шараның ашылуында.Кітапхана бұған дейін таңертеңгі 8:30-дан кешкі 22:00-ге дейінгі аралықта жұмыс істеді. Мұнда студенттер мен оқытушылардың ғылыми-зерттеуіне арналған қазақ, орыс, ағылшын, тілдерінде қызмет көрсетіледі. Мәдениет ошағы халықаралық білім беру жүйесі мен жаңа техникалық инновацияларды енгізе отырып, әлемдік деңгейдегі кітапхана болуды көздеп отыр.
Пікір 2