Зобалаң жылдың зардабы
Еліміз бүгінде тәуелсіздігін алып, төрткүл дүниеге белгілі болды. Осы егемендігіміздің арқасында еліміз отыз жылдың ішінде толағай табыстарға жетті. Қазір ауыл тұрғындары өз кәсібін тауып, еліміздің өркендеуіне өз үлестерін қосып жатыр.
Қазіргідей мамыражай сәтте соғыстан кейінгі ауыр жылдар ойға оралады. Әлі есімде 1946 жылдың 9 мамыр күні болатын. Бүкіл кеңестер одағы екінші дүние жүзілік соғыс жеңісінің бір жылдығын тойлап жатқан. Бұрынғы Еңбекші, Мақпалкөл, Бозарық, Салықбай колхоздары Ленин колхозына біріккен кезең. Сол күні ауылдың шет жағына орналасқан «Мақпалкөл» мектебіне үлкен-кішілер түгел жиналды. Ауыл ақсақалдарының кейбірі мектеп жанындағы үйлерге кіргізілді. Төрде Дайрабай Барболұлы, ол кісінің екі жағын ала Төлеген, Қараның Асаны, Көбен, Мәмбет, Есіркеп тағы басқа үлкен-кішілер жайғасты. Қызмет жасап жүрген жастардың бірі шәй ішіліп болған соң ақсақалдарға қарап «Әкелер, мына бір наркомвскийден де аласыздар ма?» деп сұрапты. Отырғандар «жоқ-жоқ» деп дабырласып жатқан көрінеді. Сол кезде ортада дастарханды басқарып жүрген Сәндібек аға төрде жүкке арқасын сүйеп, бетін алты тарам жас жуып отырған Төлеген әкеге қарап, «Оу Төлеген аға, неге жылап отырсыз? Мына наркомнан іше алмадым деп жылап отырсыз ба?» деп сауал тастапты. Сонда Төлеген аға «Жоқ, олай емес, бұл харам асты мен де ішіп көргенмін, себебін айтайын» деп мына оқиғаны баян еткен болатын.
1933-1935 жылдың көктемі еді. Мен жіп-серияда істейтінмін. Біреуден қырық бау қамыс сатып алып жинап қойғанмын. Сол қамысқа біреу темекісін тастап, ол өртеніп кетіп, менің үстімнен біреу НКВД-ға арыз жазып жіберіпті. Сонымен мені ұстап апарып, Жосалының түрмесіне қамады. Атымды түрме ауласына байлап қойды. Түрменің ауласына ат та, адам да сыймай жатқан кез. Күнде жауап алады. Мені «жапонның шпионы» деген атаққа таңды. Менің жапон дегенді естуім бар, бірақ көрген адамым емес. «Басшың кім? қандай тапсырма алдың?» Күндегі тергеу сұрақтары осы.
Бір күні жауап алып болған соң, келесі күні алынады деп босатып жіберді. Далаға шыққан соң естігенім, ертең Үкімет басшыларының бірі Темірбек Қараұлы Жүргенов мінген пойыз Қызылордаға тоқтамай, Жосалыға тоқтайды екен. Үкімет адамын қарсы алуға облыс, аудан басшылары түгел келеді екен. Мен де інімді сыртынан болса да бір көріп қалайын деп вокзалдың ең шетіндегі бағанаға атымды байлап, әлгі бағанға арқамды сүйеп тұрдым. Бұл өзімді НКВД адамдары көрмесін дегенім. Белгілі уақытта пойыз келіп, үкімет адамы мінген вагон менің дәл қасыма тоқтамасы бар ма? Вагоннан түскен Темірбек мені көріп, жылдам басып жаныма келіп, «Аға, ассалаумағалейкум» деп құшақтай алды. Тек «Ел-халық аман ба?» деп сұрап үлгерді. Сол кезде вокзал алдында тұрған басшылар түгелімен бізге қарай жүрді. Осындай жөпелдеме уақытта «Ағаңа айт, малды құртсын, оның заманы кетті. Сіз маған Шымбайды жіберіңіз, мен оқытамын» деп айтып үлгерді. Кілең басшылар келіп ол кісіні менен бөліп алып кетті. Кетіп бара жатып та артына бұрылып, “Шымбайды жібер, оқытамын” деді. Мен де дереу атыма мініп, кері үйіме қайттым. Кешкілік маған НКВД адамы келіп, “Шақырып жатыр” деп алып кетті. Байқаймын, бара жатқанымыз не НКВД-ның, не түрменің үйі емес, мүлдем басқа үй болып шықты. Мені ішке кіргізді. Жасаулы дастархан, мені жоғары отырғызды. Ылғи танымайтын адамдар. Бір кезде шай келді. Онымен қоса ішімдік те келді. Ешкім үндемейді. Төрде отырған кісі бір кесеге толтыра құйып, маған «іш» деп ұсынды. Қасымда отырған үлкен шендісі «Аға, Темірбек Жүргенов сізді қалай таниды?» деп сұрады. Мен оған «інім» деп жауап бердім. Жаңағы кісі «Аға, бізден қателік кетіпті, Сіз қазірден бастап боссыз, ауылыңызға қайтыңыз» деп, мені босатып жіберді. «Жақсыдан шарапат, жаманнан кесапат» дегендей, маған Темірбек Жүргеновтей жақсы кісінің шарапаты тиген» деп әңгімесін аяқтады.
Сол естелік әлі күнге ойымнан кетпейді. Төлеген Тәуіпбайұлы ағамыз да мінезге бай, өмірдің тауқыметінен көп сабақ алған, білімді, ерекше кісі болатын. Барға қанағат жасайтын қарапайым қалыптағы тәрбиелі жан болатын.
Бұл күнде уақыт деген жүйріктің дегеніне көніп, Төлеген әулетінің ұл-қыздары, әулет дәстүрін жалғастырып, немере-шөбере, шөпшектері ата өсиетін берік ұстанып, адал еңбектерімен ел-халқының абыройына бөленіп жүр.

Маханбетжан Тұрманұлы,
Қызылорда қаласы
Қызылорда қаласы