“Қадағалау” профилактикалық іс-шарасы өтті

Аталған профилактикалық іс-шараның басты міндеті Пробация қызметінің есебінде тұрған қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жаза түрлеріне сотталғандар тұлғалардың тұрғылықты мекен-жайларын тексеру, олармен тәрбиелік-профилактикалық әңгіме-сұхбат жүргізу, материалдық-тұрмыстық жағдайларын тексеріп, әлеуметтік құқықтық көмек көрсету көлемін және пробация қызметі бақылауынан жалтарып жүрген сотталғандарды анықтау болып табылады.
Іс-шараға аудандық жергілікті полиция қызметімен пробация қызметкерлері және күнделікті полиция кешенді күштері тартылды.
Аталған іс-шара кезінде, Жалағаш аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған мекен-жайымен жұмыс орны бойынша тексерулер бекітілген кестеге сәйкес, мекен-жайлары толық жүз пайыз тексеріліп, жаза тәртіп ережелерін бұзған сотты болған азаматтарға тәртіпті шара көрілді.
Е.АСҚАРОВ,
Жалағаш аудандық пробация қызметі аға инспекторы, әділет майоры
Жалағаш аудандық пробация қызметі аға инспекторы, әділет майоры