Қоғам болып күресуге тиіспіз
Біз «мемлекетшіл», «елжанды» деген сөздерді күнделікті өмірде, қоғамдық қарым-қатынаста, әсіресе, қызмет барысында көп қолданамыз. Алайда, сол сөздердің іс жүзінде нәтижесі жоқ. Мемлекетшілдік, елжандылық деген ең алдымен әрбір тұлғаның, қоғамның әрбір мүшесінің ар-ожданынан айқын көрініс табуы тиіс. Олай болмаған жағдайда бұл жалаң ұран, бос сөз күйінде қала бермек.
Мұны айтып отырғанымыз, тағы да сол жеке мүддесін ғана ойлайтын жандардың төңірегіндегі нүктесі қойылмай келе жатқан өзекті мәселе – сыбайлас жемқорлық. Бұл мәселе де емес, шын мәнінде нағыз қылмыс және ең ауыр қылмыс. Алайда, жең ұшынан жалғасып, саналы түрде сыбайлас жемқорлыққа баратындар немесе соған қатысы бар тұлғалар оны қылмыс санамайды. Өйткені, олар үшін мемлекеттің де, елдің де, халықтың да құны болмайды. Жеке басының мүддесін мемлекеттің келешегінен биік қойып, өз құлқынын ғана ойлаған кейбір мемлекеттік қызметкерлер мемлекеттен жымқырған қаржының ортақ қазандағы халықтың қазынасы екенін, ал, сол халықтың бірі өзі, өзінің отбасының мүшелері екенін және ертеңгі күні соның зардабын өзі, ұрпағы тартатынын біле ме екен?
Мемлекет сыбайлас жемқорлықты болдырмау, оның алдын алу туралы түрлі шаралар ұйымдастырып, сыбайлас жемқорлықтың сипаты қылаң беріп, ол құзырлы орындардың назарына ілініп, жедел тексеру барысындақылмысты қызметкер анықталған жағдайда оларға қатаң жаза қолданып келеді. Алайда, тамырлап кеткен індет бұнымен тиылар емес. Десе де, бұл мәселеге қатысты мемлекет тарапынан жасалатын алдын алу шаралары тоқтамуы тиіс. Керісінше, сыбайлас жемқорлықты қадағалау күшейіп, оған деген жазаның бұрынғыдан да қатайып, құзырлы орындардың іс-қимылдарының белсенділігі артуы керек. Мемлекет қазынасын қарпып жеп, жымқырып жұтудың қылмыс екенін, тіпті елінің келешегіне жасалған қасақана қастандық екенін әрбір қоғам мүшесі тәуелсіз еліміздің әрбір азаматы сезініп, білу үшін жемқорлықты түп тамырымен қопарып құлату, түбірімен жою жолындағы күрес тоқтамауы керек. Сонда ғана бізде биік сана мен елжанды рух қалыптасып, қоғам болып ұйысып бұл індетті жеңуге мүмкіндік болады.

Мадина ТҰРСЫНБАЕВА,
Жалағаш аудандық қазынашылық басқармасының бас маман бас-қазынашысы