» » Сайлаушылардың саяси науқанға қатысу белсенділігі жоғары

Сайлаушылардың саяси науқанға қатысу белсенділігі жоғары

Таңғы сағат 7:00-де өзім төрағалық ететін сайлау учаскесінде саяси науқан Қазақстан Республикасының әнұранымен басталды. Комиссия құрамы 5 адамнан тұрады. Мұнан бөлек мұнда 5 бақылаушы мен 3 сенімді өкіл де бар. Мейлінше сайлаудың әділ өтуін қадағалау негізгі міндетім болып табылады. Әр сағат сайын жиналған дауыстар санының есебін аламыз. Барлық сайлаушыға дауыс беруге жағдай жасалған. Тіпті үйінен дауыс беретін мүмкіндігі шектеулі сайлаушыларға да үйінен шықпай-ақ өз таңдауын жасауға жағдай жасалған.

Аққырда 566 сайлаушы бар. Сағат 12:00-ге дейін оның 350-і өз таңдауын жасады. Жергілікті халықтың саяси науқанға қатысу белсенділігі жоғары. Бұл елді мекен болашағы үшін тұрғындардың бей-жай қалмайтынын аңғартса керек. Кешкі сағат 20:00-де науқан қорытындыланады. Оған дейін әрбір сайлаушының өз таңдауын жасауға мүмкіндігі бар.

Гүлбану ОРЫНБАЕВА,
№140 сайлау учаскесінің төрайымы
25 шілде 2021 ж. 556 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 675

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31