БІР САҒАТТА 80 АДАМ ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ
Қаракеткенде ауыл әкімін сайлау науқаны басталып кетті. Таң атысымен ауылдағы білім ошағында орналасқан №134 сайлау часкесіне жиналған жергілікті халық өз таңдауын жасауда. Сайлау учаскесінің төрайымы Мирамкүл Жусупова науқанның әділ өтетініне сенеді. Қазіргі таңда мұнда 15 бақылаушы жұмыс жасайды. Оның төртеуі «Нұр Отан» партиясынан болса, үшеуі сенімді өкіл.
Ауылдық округ бойынша бірінші болып, зейнеткер, көпбалалы ана Рыскал Қалданова дауыс берді. Батыр ана ауыл әлеуетін көтереді-ау деген үміткерге дауыс беріп, өз таңдауын жасағанын айтады.
– Жергілікті газеттен ауыл әкіміне үміткер 4 азаматтың да сайлауалды бағдарламасымен таныстым. Бұл науқанда кім жеңсе де елді мекенге аянбай еңбек ететін азамат болса деймін. Бұл алдағы 4 жылға дейін тұрғындар үшін маңызды науқан. Соны жергілікті халық сезініп, сайлауда өз таңдауын жасаса деймін. Елді мекеннің болашағы үшін алаңдайтын кез келген жан бұл науқаннан шет қалмауы керек, – дейді батыр ана.
Қаракеткендік Жәнібек Салманов та биыл бірінші рет бұл науқанға қатысып отырғанын айтады 18-ге енді толған жас сайлаушы өз таңдауын жасау арқылы ауылдың дамуына үлес қостым деп есептейді.
– Өзім алғаш рет қатысып отырмын. Бірінші кезде өз таңдауыңды жасарда үлкен жауапкершілікті сезінеді екенсің. Ауылдың болашағы бәрімізді алаңдатады. Сондықтан өңірді өркендетеді деген үміткерге дауыс бердім, – дейді жас сайлаушы.
Айта кетейік, сайлау учаскесінде әр сағат сайын берілген дауыстардың есебі алынады. Мәселен, таңғы сағат 7:00-де басталған мұндағы сайлау науқанында сағат 8:00-ге дейін 80 азамат өз таңдауын жасап үлгерген.
Ерлан СОЗАҚБАЕВ