Тұрғындар өтініші шешімін тапты

Қабылдауға келген ауыл тұрғындары жұмыссыздық, елді-мекендердің инфрақұрылымы, «Дипломмен ауылға» және әлеуметтік қамту мәселелерін көтерді.
Жұмыссыздық мәселесін шешу мақсатында ауылдық округ әкімдігіне ұсыныс бердім. Осы ұсыныстың орындалуы бақылауымда болатын болады. Өтініш иесіне жұмысқа орналасу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, құқықтық кеңестер бердім.
Баршамызға белгілі оқу жылы жақындап қалды. Білім алушылар жаңа оқу жылына дайындалып қажетті құрал-жабдықтарын алуда. Осы ретте, отбасылық жағдайына байланысты қажетті мектеп құралдарымен қамтамасыз етуге көмек жолдарын ұйымдастырып беру өтініші келіп түсті. Өтініш иелерінің мәселесін шешуде ауылдағы «Аққұм Жер» ЖШС және «Бірлік» ШҚ келісе отырып, қажетті құрал-жабдықтар ұйымдастырылатынын жеткіздім. Мәселе оң шешімін тауып, өтініш иелері қанағаттандырылды.
Жалпы қабылдау барысында барлық азаматтарға арнайы құқықтық көмектер, сонымен бірге қолданыстағы заңнамалар аясында кеңестер мен түсініктемелер жүргізілді. Келіп түскен барлық өтініштердің шешімін табу жолдары қарастырылды.
АЙТЖАНОВА ГҮЛЖАЙНА АЙТЖАНҚЫЗЫ
Жалағаш аудандық маслихат депутаты