ҚУАНСА, БАЛА ҚУАНСЫН
Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері биылғы білім күні қарсаңында Сапархановтар отбасына “Мектепке жол” акциясы аясында қайырымдылық жасады. Яғни ішкі істер саласының қырағылары отбасының мүшесі, 2 сынып оқушысы Жамбыл Орынбекұлына мектеп формасы мен оқу құралдарын сыйға тартты.
№31 мектеп-гимназиясының оқушысы Жамбыл Сапарханның ұстаздары шәкіртінің мектепте озат оқушылардың бірі екенін айтады. Білімге құштар бала да полиция бөліміндегі ағаларының бұл өнегелі ісі күтпеген сыйлық екенін де жасырмады.
– Алдыңғы буын ағалардың бұл өнегелі ісінен үлгі аламыз. Оларға бүгінгі сыйлығы үшін алғыс білдіремін. Мектепте жақсы оқып, мен де осы ағаларым секілді елге адал еңбек еткім келеді. Ол үшін оқуда озат болу керек. алдағы уақытта да сабақты жақсы оқып, ата-анамның артқан сенімін ақтауға тырысамын, – дейді озат оқушы.
Айта кетейік, аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері тәулік бойы қоғам тыныштығын күзетумен қатар өңірде ұйымдастырылған мұндай игі шаралардан да шет қалған емес. Сондай-ақ олар мұны көрген жас буын да кейін сабақтастықты жалғайды деп сенеді.

Жандос ЖАЗКЕН