» » "Бүкіл Қазақстанның әскерилерін шақырсын": Жамбылдағы жарылыста жоғалған әскеридің жақындары шу шығарды

"Бүкіл Қазақстанның әскерилерін шақырсын": Жамбылдағы жарылыста жоғалған әскеридің жақындары шу шығарды

Жамбыл облысындағы жаралыстан кейін жоғалып кеткен жауынгердің жақындары бүгін шу шығарды. Олар Бауыржан Дәуітбаевты іздеу жұмысы сылбыр жүріп жатыр деп шағым айтып отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 


Ал әскерилер із-түзсіз кеткен кіші сержантты табуға бар күшімізді салып жатырмыз деп ақталды. Тіпті іздеу жұмыстарының қарқынды жүріп жатқанын дәлелдеу үшін Бауыржанның туыстарын жарылыс болған аумаққа кіргізуге мәжбүр болды. 

Бауыржан Дәуітбаевтан 14 күннен бері хабар жоқ. Оның не өлі, не тірі екені белгісіз. Жарылыс болған аумақ та, ауыл-аймақ та түгел тексерілді. Бірақ оны көрдім-білдім деген тірі жан жоқ. Ал 34 жастағы жауынгерді үйінде төрт баласы мен жары күтіп отыр. Ата-анасы да жарты айдан бері жанын қоярға жер таппай отыр. Олар Бауыржан тірі деген үмітте. Сондықтан іздеу жұмыстарын күшейту керек дейді.

“Адам аз, бүкіл Қазақстанның әскерилерін шақырсын. Неге шақырмайды? Ақпарат беріп отыр, 100 адам деп, қайдағы! Небәрі 15 адам жүр”, – дейді Бауыржанның анасы Фарида Ағыбекова. 

Қаумалаған кісілердің бәрі Бауыржанның жақындары. Бүгін олар атышулы әскери бөлімнің алдына жиналды. "Іздеу жұмыстарына көңіліміз толмайды" дегендер жарылыс болған аумаққа кірігізуді талап етті. Сол жердегі атқарылып жатқан істі көзбен көруіміз керек деп байбалам салды. Кейін әскерилер амалсыз Бауыржанның әкесі бастаған үш адамды ішке өткізіп, жарылған қойманы көрсетіп қайтты. 

“Бәрін төңкеріп тастады. Қайда кетуі мүмкін? Қайта кетеді, төңкеріп жатыр. Үш мәрте топырақты былай алып, қайта былай қойды. Тормен жұмыс істеді”, – дейді әскеридің әкесі Талғат Дәуітбаев.

Ал әскерилер Бауыржан Дәуітбаев жаралыс ошағынан небәрі 30-40 метр жерде болған дейді. Яғни оқыс оқиға кезінде қоймада жүрген. Оны сол маңнан соңғы рет көрген әріптестері айтып берген. Сондықтан да жарылыс болған аумақ мұқият тексеріп жатыр. Бірақ іздеу оңайға соғып жатқан жоқ. Себебі жаралыстан кейін онда тереңдігі 20 метрлік ор пайда болып, айналасы топыраққа көміліп қалған екен.

“Сенсеңіздер, біз үйілген топырақты қопарып алып, оны електен өткізіп қарап жатырмыз. 14 күнен тоқтаусыз жұміс істеп жатырмыз. Біздің міндетіміз – Бауыржан Дәуітбаевты табу. Сол жерде бар, не жоқ екеніне көз жеткізуіміз керек”, – дейді Тараз баспасөз қызметінің бастығы Дина Мухаринова. 

26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери бөлімнен өрт шығып, артынан жойқын жарылыстар болған. Оқыс оқиғадан 16 адам ажал құшып, 26 науқас әлі күнге ауруханада жатыр . Ал тілсіз жаудың неден тұтанғаны әзірге белгісіз.
10 қыркүйек 2021 ж. 437 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930