» » ӘДЕП ҚОҒАМДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҚАЛЫПТАСТЫРАДЫ

ӘДЕП ҚОҒАМДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҚАЛЫПТАСТЫРАДЫ

   ӘДЕП НОРМАЛАРЫН САҚТАУ – БАСТЫ МІНДЕТ  Әдеп – әр жеке адамның өмір сүру дағдысында, әрбір қоғам мүшелерінің тұрмыстық салтында болуы тиіс ішкі, сыртқы мәдениеттің нормалары. Жасыратыны жоқ, кейде қоғамдық қарым-қатынаста да шектен шығып кетіп жатамыз. Оның барлығы әдеп сақтауды әдетке айналдырмағанымыздан.
     Ал, енді осы әдеп нормаларын сақтау мемлекеттік қызметшілерден екі есе талап етіледі. Өйткені, олар халыққа қызмет көрсетеді. Сондықтан Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілердің әдептілік нормалары және мінез-құлық қағидалары жөнінде заң қабылданды және бұл жылдан жылға жетілдіріп келеді. Осындағы жалпы ережелер мемлекеттік қызметте жүрген тұлғалардың барлығына ортақ. Мемлекеттің қызметшілердің көпшілік алдында өзіндік моральдық-әдептілік бейнесі болуы керек. Сонда ғана оларға деген халықтың құрметі артып, сенімі нығая түседі. Әрине, мемлекеттік қызметшінің бойындағы әдеп тек мекемеде, қызмет барысында ғана белгіленген тәртіптік жүйе шеңберінде сақталып, жұмыстан тыс уақыттарда адамгершілік тұрғысындағы бейнесі өзгермеуі тиіс. Яғни, мемлекеттік қызметші отбасынан, өскен ортасынан алған тәлім-тәрбиесінен бөлек, әрдайым кәсіби мамандығына сәйкес және жан-жақты білімін толықтырып, ізденіп, өзін-өзі жетілдіріп отыруы – адамгершілік нормаларын сақтаудағы міндеті. Бірақ, өкінішке қарай, кейбір мемлекеттік қызметшілер әдеп кодексінің ережелерін, оның жалпыға ортақ стандарттарын ескермей, лауазымына сай келмейтін мінез-құлықтары арқылы әріптестерінің атына кір келтіріп жатады. Әрине, ондай жағдайда оларға тиісті шара көріледі және мемлекеттік қызметшілердің барлығы емес, жүздің бірінде ғана кездеседі. Десе де "бір қарын майды бір құмалақ бұзатынын" ұмытпауға тиіспіз.
   Әдеп кодексіндегі мінез-құлықтың жалпы стандарттары деген тармақ "Мемлекеттік қызметшілердің сырт келбеті олардың қызметтік міндеттерін орындау кезінде мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға ықпал етуге, іскерлікпен, ұстамдылықпен және ұқыптылықпен ерекшеленетін жалпы қабылданған іскерлік талаптарына сай болуға тиіс" деп түйінделеді.
   Қысқасы, әдеп – әрбір мемлекеттік қызметішінің бойынан бектілген ережелерсіз-ақ табылуы тиіс адами қасиет. Сондықтан сөзіміздің басында айтқандай, халыққа қызмет көрсетіп отырған мемлекеттік қызметкер қызметтік лауазымын жеке басының дәрежесін көтеруге және жеке мүддесіне пайдаланбай, бойына әдеп, адамгершілік қасиет қалыптастыруға, лауазымына нұқсан келтірмей, қорғауға дағдылану керек. Сонда ғана мемлекеттік қызметшінің халық алдында дәрежесі биіктейді, мәртебесі артады. 
 
   Мадина ТҰРСЫНБАЕВА,
       Жалағаш аудандық қазынашылық басқармасының бас маман-бас қазынашысы
10 қыркүйек 2021 ж. 348 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930