» » Құтқарушылар – Құрмет төрінде

Құтқарушылар – Құрмет төрінде

Құтқарушыларды әрдайым қырағы сапта тұратын, тұтқиылдан қауіп төнген кезде елді табиғи апаттан, төтенше жағдайдан құтқарып, аман алып қалатын қоғамның алдыңғы қатарлы жауынгерлері десек те болады. Олардың қолымен қас қағым сәттегі қатерлер ауыздықталады. Сондықтан құтқарушыларды қандай құрмет төріне шығарса да жарасымды.

Осы аптада Азаматтық қорғау орган­да­ры­ның 26 жылдығына және 19 қазан – Құт­қарушылар күніне орай аудан әкімі Асылбек Шаменов аза­маттық қорғау саласының арда­гер­лері мен қыз­мет­керлерін осынау елеулі күнмен құттықтады.

– Төтенше жағдайлар саласының қызмет­керлері жеке бастарын тәуекелге тіге отырып, мыңдаған жанды түрлі апаттар мен қауіп-қатерлерден сақтап келді және солай бола бермек. Құтқарушылардың өз қызметтеріне деген осындай адалдығы мен олардың жоғары кәсіби біліктілігі, ержүректігі халқымыздың өз елінде өздерін емін-еркін сезініп, алаңсыз өмір сүрулеріне жағдай жасап отыр.

Бүгінгі күнде ауданымыздың Төтенше жағ­дай­лар қыз­меті мен Өрт сөндіру бөлімінің қыз­­меткерлері жоғары бағалауға әбден лайық, қауіптің алдын алу мен жою бойын­ша тап­сырмаларды жоғары деңгейде шешуге қабі­летті, – деді Асылбек Өмірбекұлы.

Салтанатты шарада сала ардагерлері мен қыз­мет­кер­леріне «Қазақстан Респуб­ли­касының Азамат­тық қор­­ғау органдарына 25 жыл» медалі, облыс әкімінің, облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының алғыс хаттары, Жалағаш ауданы әкімінің «Құттықтау» хаты және алғыс хаты табысталды.

Кездесу барысында осы салада абыройлы еңбек еткен ардагерлер Сұлтанбек Шынтаев, Төребек Көздібаев мерекелік лебізін білдіріп, өз алғыстарын жеткізді.

Айта кетейік, 2021 жылдың 5 сәуірінде Жалағаш ауданы, Мәдениет ауылында «Өрт сөндіруші» АҚ Қызылорда филиалының №24 Өрт сөндіру және авариялық құтқару бекеті ашылды. Бекет құтқарушылары шалғайдағы Аққыр, Жаңаталап, Т.Жүргенов, Мәдениет және Мырзабай ахун ауылдарында орын алған 9 өрт оқиғасы болған жерге дер кезінде жетіп, оны ауыздықтаған. Міне, осындай кәсіби шеберліктерімен елге үлгі болған құтқарушыларға халықтың алғысы шексіз.

Шынында қай мамандықтың да өзіне тән жауапкершілігі бар екені белгілі. Ал құтқарушылар мойнындағы міндет салмақты екенін ел біледі. Сондықтан оларға құрмет те жоғары. Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын, ел қорғандары!

Жандос ЖАЗКЕН


25 қазан 2021 ж. 105 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930