» » ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ЕРЕЖЕЛЕРІН ҚАТАҢ САҚТАҒАН АБЗАЛ

ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ЕРЕЖЕЛЕРІН ҚАТАҢ САҚТАҒАН АБЗАЛ

Мәдениет ауылдық округі әкімі аппаратының ұйымдастыруымен жылу беру маусымында өрт оқиғалары мен басқа да қауіпті жағдайлардың алдын алу мақсатында ауыл тұрғындарына жадынамалар таратылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Ауыл әкімдігінің қызметкерлері жергілікті тұрғындарға қарапайым тұрмыста, үйде қауіпсіздік ережесін қатаң сатау қажеттігін айтып, қатердің алдын алу баршаға тиімді екенін жеткізді.

Айта кетейік, аталған жадынамада пештің түтін жолдарын 3 айда бір рет ыстан тазартып отыру қажеттігі жазылған. Сондай-ақ пештің түтін жолдары үйдің негізгі құрылысынан дербес орналастырылуы қажет екен. Ал уақытша қолдан жасалған темір пештерін орнатқан жағдайда темір пештердің аяқтарының биіктігі 20 см-ден кем болмауы тиіс. Еденнің бетіне бір қатар кесек өріліп, батпақпен сыланып, темір пеш орнатылуы қажет.

Пеш негізінен ағаш конструкцияларынан және ағаш жиһаздардан 1 метр қашықта, беті сыланған қабырғалардан 70 см қашықта орнатылуы керек. Сондай-ақ пештің алдына темір төсеніш қағылуы қажет. Қауіптің алдын алу үшін пеш үстіне киім мен отынды кептірмеген дұрыс. Себебі кішкентай қателіктің соңы үлкен шығынға алып келуі әбден мүмкін. Пешке неқұрлым сыймайтын отынды жақпаған абзал.

Мәдениет ауылдық округі әкімі аппараты


26 қазан 2021 ж. 164 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 720

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031