Салауатты өмір салты - ұлт болашағын қалыптастырудың негізі
Қазіргі кездегі әлеуметтік-экономикалық жағдай, экологиялық қолайсыздықтар, күнделікті тұтынатын азық-түлік құрамының бұзылуы өскелең ұрпақтың денсаулығына кері әсерін тигізіп, зарарын беруде.
Жас ұрпақтың әлеуметтік желіге байланып, смартфон шырмауынан шыға алмауы, шылым тартып, зиянды әдеттерге әуес болуы ұстаз ретінде де, әке ретінде де мені алаңдатады.Біздің балғын балалық шақтай асыр салып ойнап, құмға аунап,өзен суын кешпеген баланың әлжуаз, іске шолақ болып ер жетері анық.Ұлт тағдыры-ұрпақтың қолында екенін ата-бабамыз жақсы білген.Сондықтан, жас жеткіншектерді ерте жастан еңбекке баулып, ізгі қасиеттерді бойына сіңіруді басты назарға ұстаған жөн.
Сол себепті, бізде бала кезден ұрпағымыздың қайсар, қайратты, шымыр болып ер жетуіне мүмкіндік жасауымыз керек.Бұл ұлт саулығымен тікелей байланысты.Салауатты өмір салтын қалыптастыру-денсаулық кепілі.Салауатты өмірді дұрыс сақтау таңертең ерте тұрудың өзімен де байланысты.Дұрыс тамақтану, уақытылы ұйқы, зиянды әдеттерден аулақ болу, спортпен шұғылдану, көбірек таза ауада жаяу жүру, барлығы дерлік деннің саулылығының кепілі. «Денің сау болса, жаның сау» - деп дана халқымыз бекер айтпаған.Менің тәжірбием бойынша, төмендегі салауатты өмір сүру үшін небәрі 10 қағиданы мен секілді сізде ұстанар болсаңыз, ауырмай, ұзақ жасарыңыз анық.
1.Көп ұйықтамаңыз.Ұзақ жасағандардың дені ұйқыдан ерте тұрған.
2.Тамақты көп жемеңіз.Семіздік өмірді қысқартады.
3.Үнемі жақсы көңіл күйде болыңыз.Уайым тез қартайтады.
4.Көп қимылдаңыз, әсіресе зейнетке шыққаннан кейін.
5.Дәрі-дәрмекті мейлінше шектеңіз.
6.Темекі тартпаңыз.Темекіден барынша аулақ болғаныңыз жөн.
7.Сүйікті ісіңізбен шұғылданыңыз.Ол сізге қуаныш сезімін сыйлайды.
8.Таңымен аш қарынға жылы су ішіңіз.
9.Міндетті түрде спортпен шұғылданыңыз.
10.Өзіңізді қандай болсаңыз да жақсы көріңіз.Бұл сізге сенімділік сыйлайды, алға жылжуға көмектеседі.
Болашағымыз жарқын, еліміздің ертеңі нұрлы болсын десек, салауатты өмір салтын ұстанып, нәсихаттайық.Халықтың денсаулығы-ел дамуының аса маңызды тұтқасы.
Нұрбол Асанұлы
Жалағаш ауданындағы Әл-Фараби атындағы 201 мектеп-лицейдің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі