» » Салауатты өмір – денсаулық кепілі

Салауатты өмір – денсаулық кепілі


Орталық алаңда «Саламатты сандарға қол жеткіз!» ұранымен «Денсаулық фестивалі – 2019» акциясы өтті.
Шараны аудандық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Мұрат Нәрікбаев ашып, денсаулықты сақтау мен нығайтуға, салауатты өмір салтын ұстануға бағытталған акцияның маңыздылығына тоқталды.
– Еліміздің ұзақ мерзімді «Қазақстан-2050» даму стратегиясының ең маңызды басымдық­тарының бірі денсаулық, білім алу мен Қазақстан азаматтарының әл-ауқатын арт­тырып, салауатты өмір салты мәдениетін қа­лып­тастыру болып табылады. Осы орайда бүгінгі фестивальдің берері мол. Акцияның мақсаты – жұртшылықты салауатты өмір салтын ұстануға шақырып, қоғам­ның, бұқара халықтың назарын аудару, – дейді акцияға қатысушылар.
Орталық алаңға жиылған көпшілік жаппай жаттығу жасап, бойларын бір сергітіп алды. Соны­мен бірге еріктілер мен медбикелер флешмоб ұйымдастырып, түрлі қимылдар арқылы да салауатты өмір салтын қалыптастыруға үндеді. Мұнан бөлек арнайы құрылған «Денсаулық» қалашығында аудан тұрғындары мен қонақтары медициналық жол­да­масыз-ақ дәрігерлерге қаралып, түрлі диагностикалық тексерулерден өтіп, тегін жедел-анализдер тапсыруға мүмкіндік алды. Шара соңы түрлі мәдени-концерттік бағдарламаларға ұласты.

Н.АЛПЫСБАЙҰЛЫ.

17 қыркүйек 2019 ж. 1 040 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930