» » ДЕНСАУЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

ДЕНСАУЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

Орталық алаңында «Саламатты сандарға қол жеткіз!» ұранымен кең көлемде «Денсаулық фестивалі – 2018» акциясы өтті.

Велошеруден бастау алған акция, орталық алаңда аудан тұрғындарының қатысуымен жаппай жаттығуға ұласты.
Денсаулық фестивалін «Нұр Отан» партиясы #Жалағаш аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қаншагүл Мұстафаева ашып, жұртшылықтың, бұқара халықтың назарын денсаулықты сақтау мен нығайтуға, салауатты өмір салтын ұстануға бағытталған фестивальдің маңыздылығына тоқталды.
Атап өтейік, 3-8 қыркүйек аралығында «Денсаулық фестивалі – 2018» акциясы аясында аудандық емханада ашық есік күндері, оқушылар, студенттер, тұрғындар арасында мәдени спорттық жарыстар өткізілді. Жарыс жеңімпаздарын, сондай-ақ, акцияға белсене қатысқан бірқатар азаматтарды орталық алаңда Қаншагүл Шоңмұрынқызы марапаттап, бағалы сыйлықтар табыстады.
Акция аясында жаппай жаттығулар, еріктілердің қатысуымен флешмоб биі, спорттық көріністер ұйымдастырылып, «Денсаулық қалашығы» тұрғызылды. Аудан тұрғындары өздерінің қан қысымын, қандағы қант мөлшерін, бой, салмағын өлшеп, ұйымдастырушыларға ризашылықтарын жеткізді.
10 қыркүйек 2018 ж. 1 237 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 134

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930